Экономика • 26 Сәуір, 2023
Газдандыру баяу. Көңіл де содан қаяу
Мұнай мен газдың үстінде отырсақ та газдандыру деңгейі бойынша ЕАЭО-дағы елдерге де ілесе алмай келеміз. Түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу үшін газ жобаларын қаржыландыруды 17 есе ұлғайтып, салаға 4,3 триллион теңге инвестиция бағыттау қажет екен.
Инвестиция • 26 Сәуір, 2023
25 кен орнына инвестиция салынады
Жуырда елордада «MINEX Kazakhstan-2023» XIII тау-кен геологиялық форумы өтті. Бұл – жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Тойханадағы «емхана» немесе төзімі таусылған талдыбұлақтықтарды кім тыңдайды?
8 мыңнан аса халық тіркеуде тұратын Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты «Алатау» дәмханасына көшірілген медицина мекемесінің бүгінгі жай-күйі жаға ұстатарлық. Бастапқыда екі-үш айға деп жайғасқан мекеменің жұмыс істеп жатқанына екінші жылға айналып барады. Содан бері ешқандай медициналық талапқа сай келмейтін тойхананың даңғарадай залына қатарласа орналасқан дәрігерлер бала мен қартты, ауру мен сауды сапырылыстырып, қатар қабылдап жатқанына жұрт күйінеді.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Жеті айлық балаға операция жасалды
Жақында Ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды. Медицинада бауыр трансплантациясы күрделі операциялардың бірі саналады. Өкінішке қарай, бауыр ауруы асқынғанда оның трансплантациядан басқа тиімді дәруі табылмауы да мүмкін. Мұның бірден-бір айғағы ретінде жасқа жетпеген балаға жасалған күрделі операцияны айтуға болады.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
«Денсаулық» пойызына – сәт сапар!
Кеше ІІ Алматы стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетуді мақсат еткен медицина мамандары 6 желтоқсанға дейін 120-дан астам стансаға аялдайды. Айта кетерлігі, биыл қатарға дәрігерлермен қоса халыққа тегін кеңес беретін медиатор мен заңгерлер қосылды. Енді ел саулығына алаңдаған ақ желеңділер жыл соңына дейін бас-аяғы 75 мыңға жуық ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетуге бекініп отыр.