Қылмыс • 26 Сәуір, 2023
Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуірден алты ай мерзімге дейін ел аумағына сырттың бидайын автокөлікпен әкелуге тыйым салғаны белгілі. Алайда соған қарамастан шекараның арғы бетінен астыртын бидай алып өтпек болған жүк көліктерінің легі толастамай тұр.
Құқық • 26 Сәуір, 2023
Осыдан тура бір жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетіне «Құлжаның» қандай кінәсі бар?» деген мақаламыз жарияланған еді. «Құлжа» деп отырғанымыз – Тараз қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі. Серіктестік директоры, еңбек ардагері Аманқұл Нысанбаев редакциямызға хат-қағаздарын арқалап бірнеше рет келді. Жақында Тараздан тағы бір бума қағазымен қоса «Сіздерді қайта мазалағаныма кешірім сұраймын» деп басталатын үш беттік өтініш-хатын жолдапты. Жасы сексеннен асқан Аманқұл ақсақалдың құқық қорғау органдарының есігін қағып, табалдырығын тоздырып жүргеніне отыз жылдан асыпты. Отыз жыл бойы әділдікке жете алмаған «Құлжаның» екі ісі де әлі күнге дейін тығырыққа тіреліп тұр.
Халық • 26 Сәуір, 2023
Тұлға • 26 Сәуір, 2023
«Бір вагон жігітке тұратын азамат»
«Жақсыда жаттық жоқ», дейді халқымыз. Жақының болмаса да, жақсы ісімен жан-жүрегіңді баурап, жарқын бейнесі көз алдыңнан өшпейтін ардақты адамдар болады екен өмірде. Қызылжар өңірінде бірнеше жыл бірге қызмет атқарған Қуат Есімханов ағамыз сондай біртуар азамат еді.
Жәдігер • 26 Сәуір, 2023
Қалалық мемлекеттік архив қорында жұмыс жасаған уақытымда «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінің 1959 жылдың 15 мамыр күнгі санында «Айша – қыз» атты әнге кезіктім. Әнін «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, өлеңін ақын Берқайыр Аманшин жазған. Бұл әннің бұрын-соңды радио, теледидар, сахнада орындалғанын мүлдем естімеген соң, қызығушылығымды тудырғаны. Ән туралы атақты композитор Ілия Жақанов ағамыздан сұрағанымызда, ол кісі Шәмшінің күні бүгінге дейін жарыққа шықпаған, жоғалып кеткен белгісіз әндері бар екендігін жоққа шығармады. Сонау 50-жылдардың аяғында жарияланған аталған әнді естімегенін айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева да бұл әннің қорда жоқ екендігін айтады.