Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Су басқан өңірлерге көмекке аттанды
Қапыда қарғын судың астында қалған ағайынның жағдайына қызылордалықтар да алаңдаулы. Апат хабары естілгеннен-ақ Қызылорда облысы ТЖД күш-құралдары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде Қостанай облысына жіберілді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Ертіс арнасынан шығуы мүмкін бе?
Қазіргі уақытта өзендегі мұздың көбесі сөгіле қойған жоқ. Дейтұрғанмен мамандар кей жерлерде су деңгейі 11 сантиметрге дейін көтерілгенін айтады. Шығыс Қазақстандағы мол су сай-саламен Ертіске лап қойса, еліміздегі ең ұзын өзен арнасынан асып, айналасындағы елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін бе?
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024
Қарағанды аймағына да қарғын судан қауіп төніп тұр. Еріген қар суының кесірінен бірнеше бағыттағы жол жабылғанына үш-төрт күн болды. Бірнеше ауылға су барды. Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күні-түні қам-қарекет жасап жатыр.
Еңбек • 02 Сәуір, 2024
Жақында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында адал еңбек жөнінде маңызды дүниелер айтылды. Байқасақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбек, адал азамат идеясын алдыңғы құрылтайда, Жолдауда бірнеше рет қаузады. Кешегі Әділетті Қазақстан идеясынан да заң, тәртіп үстемдік құрған әділетті қоғам қалыптастыру ұстанымын байқаймыз. Осының ізімен барлық салада әділ бәсекелестік орнаса, нағыз білікті, тәжірибесі толысқан мамандар төрге шықса, еншісі келер ұрпаққа тиеді.
Тарих • 02 Сәуір, 2024
Түрікменстандағы «Алашорда» ісі
1939 жылдың 23 қыркүйегінде «өте құпия» грифімен Түрікмен кеңестік социалистік республикасының НКВД органдарында «Социалистік заңдылықтарды бұзу» істері бойынша тергеу қорытындылары жөнінде баяндама дайындалды. Бұл туралы НКВД әскерінің Түрікменстан Шекара округінің әскери прокуроры, І рангалы әскери заңгер Кошарский КСРО прокуроры М.Панкратьевке, Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының (РККА) Бас әскери прокуроры Гавриловтың атына 35-беттік баяндама жіберген.