Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Күн жылына ери бастаған қар сай-саланы қуалап, үстін-үстін толыға түсті. Билік тасқынға тосқын қоюдың амалдарын қарастырып, бірқатар шара қабылдады. Тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылды, кезекшілік ұйымдастырылды. Аса қауіп тудыратын тұстар анықталып, сақтық күшейтілді.
Төтенше жағдай • 01 Сәуір, 2024
Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданына қар суы қауіп төндірді. Әйтеуір дайындықты ақпан айынан бастаған арнайы мамандар мен әкімдік өкілдері тілсіз жаудың бетін бірден қайтаруға күш салып отырды. Десе де, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сол үшін де өзенді өңірлерді облыс басшылығы бастаған топ әуеден бақылап қайтты.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Биыл қар қалың түсті. Күннің күрт жылынуы себепті қызыл судың қаупі еселей артып отыр. Әзірге қырдағы қалың қардың мұрты бұзылған жоқ.
Инфографика • 01 Сәуір, 2024
Елімізде жыл сайын докторантураға 1800-дің көлемінде грант бөлінеді. Олардың бәрі дерлік докторантураны тауысып шығатын шығар, бірақ көбі докторлық дәрежені қорғап кете алмайды. 2011 жылдан 2022 жылға дейін докторантурада 10276 адам білім алды, соның 4497-сі ғана, яғни жартысына да жетпейтін адам докторлық дәрежесін қорғаған. Себебі неде, шешімі қандай?
Бизнес • 01 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы бизнес өкілдерімен кездесуінде бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктерді сынға алды. Олар кейде артық қыламын деп тыртық қылатынын, тіпті рейдерлік әрекеттерге жол беретінін айтты.