Әдебиет • 06 Сәуір, 2021
«2021 жыл – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында Ұлттық академиялық кітапханада балалар жазушылары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты кітап апталығы басталды.
Оқиға • 06 Сәуір, 2021
Атырау қаласында пластикалық құтыны жинауға арналған торлы шөлмектер пайда болды. Оны «Арнайы автобаза» ЖШС ұсынып отыр.
Өнер • 06 Сәуір, 2021
Италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның авторлық концерті – «Пуччини-гала» кешіне орындаушылардың жұлдызды құрамы қатысады. 6 сәуір күні театрдың Үлкен залы сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері сопрано Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Бибігүл Жанұзақ, тенор Медет Чотабаев, Жан Тапин, Мейір Байнеш, баритон Талғат Мұсабаев және дирижер Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
Экономика • 06 Сәуір, 2021
Экономикада өсім болуы ықтимал
Еуразиялық даму банкі сарапшылары 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішкі жалпы өнім көрсеткіші 3,3 пайызға өседі деп болжап отыр. Өңірдегі елдердің экономикасы 2021 жылдың соңына таман ғана дағдарысқа дейінгі қалпына келеді. Банк осы және өзге де болжамдарын кезекті макроэкономикалық шолуында жария еткен.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Адамдардың ауызбірлігі, бір-біріне деген ізгілік шарапаты жаман тұмау жайлаған уақытта тіпті нығая түсті. Жанды қамқорлық қолтықтарынан демеп, тұмшалаған қауіптен аман-есен шығатындықтарына, еш уақытта қиындықпен жалғыз алыспайтындарына сенгеннен соң үміт оты да лаулай берді.