«Пуччини-гала» бағдарламасының көркін театрда алғаш рет орындалатын туындылар қыздыра түспек. Осылайша, тыңдармандар ұлы италиялық композитор Дж.Пуччинидің шығармалары – «Виллисалар» операсынан «Мыстандар биі» мен L’abbandono, «Қарлығаш» операсынан «Дореттаның керемет арманы» дуэті мен Бриндизи көрінісі (квартет), «Анжелика әпке» операсындағы ариямен таныса алады. Бұдан бөлек, әртістер Дж.Пуччинидің баршаға танымал әрі сүйікті шығармалары – «Манон Леско» операсынан Лесконың Donna non vidi mai ариясы, «Мадам Баттерфляй» операсынан ария, «Джанни Скикки» операсынан Скиккидің ариясы және т.б. ұсынады.
Музыкалық кешке «Астана Опера» хоры қатысады, театрдың бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
Дж.Пуччини музыкасының көрнекті білгірі – танымал италиялық дирижер, концерттің бастамашысы Джузеппе Акуавива жұртшылыққа арнап көптеген тосынсый даярлады.
– «Астана Опера» әртістерімен көптен бері жұмыс істеймін, олармен бірлесе музыкалық қызметті жүзеге асыру маған зор қуаныш сыйлайды. Пуччини – автор, оның шығармашылығын ұзақ әрі мұқият зерделедім. Ол – шығармалары дүние жүзінде анағұрлым көп ұсынылған композиторлардың бірі. Оның туындыларын кез келген сахнада орындау мен үшін оңай. Себебі олар бәрінің көңілінен шығады. Пуччини адамдарға әсерлі оқиға желілерін ұсынды. Бірақ бұдан бөлек оның операсы – әртістерге арналған үлкен драматургия мен театр сабағы.
Пуччини – өз заманының кемеңгері, ғасырға жуық уақыт өтсе де, солай болып қала бермек, – деді маэстро Джузеппе Акуавива.
Джакомо Пуччинидің барлық шығармашылығы опера өнерінің жоғарғы жетістігі болып саналады. Оның опералары әуен байлығымен, оркестрлік бояулар мен акустикалық әсерлердің ойынымен таңғалдырады. Бұған «Пуччини-гала» концертіне келген тыңдармандар көз жеткізе алады.