Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
8 мыңнан астам адамға екпе егілді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар атқарылып жатыр. 1 сәуір күні өңірде Covid-19 індетіне қарсы вакцинаны 8 653 адам алды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Ақтөбеде «британ» штамы анықталды
Ақтөбе облысында 3 сәуірде 137 адамнан вирус анықталды. Оның 99-ы дерттің симптомды түріне шалдыққан. Індетке шалдыққан 99 адам облыс орталығында тұратындар, қалғандары Алға, Ойыл, Қобда, Байғанин, Мәртөк, Темір, Хромтау, Мұғалжар аудандарының тұрғындары. Бір отбасының адамдары түгел ауырып жатқан жағдайлар да бар. Жұқпалы аурулар ауруханасына көбіне егде жастағы адамдар ауыр жағдайда түсіп жатыр. Қазіргі уақытта 1 200 ақтөбелік тұрғын үй карантиніне алынды.
Руханият • 06 Сәуір, 2021
Тамыр туралы тағылымды әңгіме көп. Тамыр – дегеніміз әуелі тарих. Кез келген тұлға тұғырының беріктігі оның тереңге бойлаған алтын тамырында, көне тарихының бай қазынасында болса керек. Алтын тамыр дегенде біздің есімізге әуелі тарихшы, ғалым Қойшығара Салғара түседі. Этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбек екеуі бір-біріне серт беріп, бас басылымда қатар қызмет ете жүріп біреуі «Күмбір-күмбір күмбездерді», екіншісі «Алтын тамырды» жазушылықтарынан мақсатты түрде бас тарта отырып жазып шығыпты. Бұл жанқияр ерліктің, жазу деген қасиетті өнерді ұлт болашағы үшін құрбан қылудың ар жағында қос қаламгердің нағыз алашшыл тұлғалары айқын көрінеді.
Қаржы • 06 Сәуір, 2021
Несие тарихын жақсартудың жолы қандай?
Несие тарихы банк секторындағы аса нәзік мәселе санатына жатады. Оны мүлде жойып жіберу мүмкін емес. Бірақ жақсартуға болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеу сегментін реттеу және халықтың борыштық жүктемесін тежеу туралы мәлімдемесінде осы мәселеге назар аударған.
Оқиға • 06 Сәуір, 2021
Тұрғындары наразылық білдіріп әкімдіктің алдына жиналмайтын, ұрандатып алаңға бармайтын, шеруге шықпайтын аудан бар Түркістан өңірінде. Ол – Сайрам ауданы. Мұнда кез келген тұрғынның көкейде жүрген өзекті мәселені, белгілі бір саланың жұмысына байланысты кемшілікті, тұрмыс-тіршілікті жақсартуға қатысты ой-пікірін «Парасат» пікірталас клубының отырысында ашық айтуына мүмкіндік жасалған.