Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
«Қазақстан барысы» мектеп директоры болып тағайындалды
Бұл туралы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Тарифті өсіру тапшылықтың алдын ала ма?
Елімізде ай санап азық-түлік бағасы қымбаттайды, жыл санап инфляция өседі. Жылт еткен жаңалыққа бола баспана бағасы шарықтайды. Қысқасы, өсім мол. Қаптаған өсулердің қатарын электр энергиясының тарифі жыл сайын толықтырып отырады.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Қасиетті Түркістан өлкесі – талай ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әулие-әнбиелердің, елді аузына қаратқан өнер адамдарының, әлемде теңдесі жоқ «қара күш иесі» атанған Қажымұқанның мекені болғаны әмбеге аян. Әлем мұсылмандары оны «Екінші Мекке» деп те атайды. Осы Түркістаннан түлеп ұшқан орта буын ақындарымыздың бел ортасында болуға құқы бар, бірақ республикамыздың көп оқырмандары біле бермейтін, тасада қалып қойған таланттың бірі – ақын Сұлтанқұл Сәметов дер едім.
Таным • 05 Сәуір, 2021
Қазақ көркемсөзінің көшелі көшінде талантымен танылған, шығармашылық шеберлігі шыңдалған көрнекті жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Ол осынау мерейлі жасын жаңа шығармасымен қарсы алып отыр. Шау тартса да шабытына тұсау түспеген жазарманның қазақ елінің кешегі қилы кезең, зұлмат замандағы өмір өткелдерінен сыр сабақтаған «Тағдыр толқыны» романы тақырыбы тосын болмаса да, кестеленуі көркем, түйіні тәлімді туынды. Уақыт бөліп оқып шыққан оқырманның қай-қайсысы да біздің пікірімізді қоштай кетеріне сенімдімін.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Қаланың «қан тамырлары» жарылмасын
Әр қала – алып ағза секілді. Орал қаласына «жан беріп» тұрған су, жылу және кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асып кетеді екен. Моноқала саналатын Ақсайдың өзінде 57 шақырым жылу, 174 шақырым су, 52 шақырым кәріз желісі бар. Осы «тамырдың» бір тұсы сыр беріп, жарылар болса, жүздеген, мыңдаған тұрғын жапа шегеді.