Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
ҰБТ барысында барлық санитарлық талаптар сақталады
Тестілеудің барлық қатысушысы ҰБТ басталар алдында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекциядан өтеді. Тестілеуге кіргізу кезінде қатысушылардың аяқ киімдері мен қолдары арнайы құралдарымен тазартылады Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады
Алғаш рет мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Тестілеуге бір күнде 2 рет қатысуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Компьютерлік ҰБТ 15 сәуірде басталады
2004 жылдан бері Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіліп келеді. Мектеп түлектері оны қағаз және жазбаша түрде тапсырды. Аттестаттағы қорытынды баға нәтижелерге байланысты болды және ЖОО-ға түсу мәселесі шешілді. Қазір ҰБТ мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін негізгі механизм болып табылады. Бұл әлемдік тәжірибе. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында білім вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады, деп жазады ОКҚ сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Түркістанда халықаралық конференция өтті
Түркістан қаласы – Еуразия Дүниежүзілік мұрасы қалалары қатарына ресми түрде биыл ақпанда қабылданған болатын. Осы орайда ұйымның X мерейтойлық конференциясын жуырда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласында өткізу ұсынылған.