Жекпе-жек • 24 Сәуір, 2018
Дзюдодан жастар арасында Азия кубогы өтті
Алматыдағы «Халық арена» спорт кешенінде дзюдодан көрнекті қоғам қайраткері, спорт жанашыры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Бекет Махмұтовтың жүлдесі үшін жастар арасында Азия кубогы жолындағы жарыс өтті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Қазақ боксының дарабозы – Нұржан Сманов
Олимптің алтынына бір адам лайық болса, ол – Нұржан Сманов еді. Бұйырмапты. Бір кездері бүгінгі қазақ серкелерінің екі аяғын бір етікке тығып жіберген жампоз мемлекеттік қызметті қойып, өз кәсібімен айналысып жүр. Бокстан кейін де әділетсіздікті көп көрді. Ешкімге шағынуды білмейтін арда азамат атын ақтап алғанымен, «батыраштардың» тірлігі жүрегінде шемен болып қатқаны анық. Ол – қазақ боксының дарабозы еді-ау.
Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Әкемнің ата қонысқа деген, туған жерге деген ұлы сағынышын жиі еститінмін. Жат елдің қолында қалып кеткен ата қонысын өмір бақи айтып өтті. Әкей туған жерінің әр тасын жатқа білетін. «Жауды жалғыз қалдыру, рухани жүдету» сияқты не түрлі зұлымдық әдістерге жетік қытай саясаты Шыңжаңда бас көтеретін зиялы қауымды, әсіресе қазақ халқының әрқашан рухани көсемі ақын-жазушыларды «жергілікті ұлтшыл» деген желеумен топырлатып түрмеге тығып жатқан кез.
Әлем • 24 Сәуір, 2018
«UMC» корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығының интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Виктор Землянский Ресейге барып, қолқа аневризмасын қалпына келтірудің кіші инвазивті әдістерін қолдана отырып, оталар жасап қайтты. Бұл оталар Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінің және Қазан федералдық университетінің клиникаларында жасалды.