Әлем • 24 Сәуір, 2018

Ресейде күрделі оталар жасады

523 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«UMC» корпоративтік қорының Онколо­гия және трансплантология ұлттық ғылы­ми орталығының интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Вик­тор Землянский Ресейге барып, қол­қа аневризмасын қалпына келтірудің кі­ші инвазивті әдістерін қолдана отырып, оталар жасап­ қайтты. Бұл оталар Бірін­­ші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық универ­ситетінің және Қа­зан федералдық университетінің клиникаларында жасалды. 

Ресейде күрделі оталар жасады

Рентгенхирургтердің бірлескен жұмы­сы­­ның нәтижесінде қолқаның ішперделік бөлімінің аневризмасы диагнозы қо­йылған 6 пациентке ота сәтті жасалды.­ Бұл ане­вриз­­ма­ның жарылып кетуінің ал­­дын алып, нау­қастарға қалыпты өмір салтына оралуға мүм­кіндік берді.

Доктор В.Землянскийдің айтуынша, қол­қа аневризмасы – қауіпті дерт. Ол қан­­дай да бір патологияның салдарынан қолқа қабырғаларының созылып немесе жіңішкеріп кетуінен пайда болады. Қол­қа аневризмасы – өлімге әкеп соғуы мүмкін барынша қатерлі аурудың бірі. Оған шал­дыққан науқас көп уақыт өзінің ауру екенін де сезбейді. Қолқа – адам ағзасындағы ең ірі тамыр. Онда пайда болған үлкен аневризма жарылып кеткен жағдайда науқас санаулы минуттардың ішінде қайтыс боп кетеді немесе қатты қан ағуы салдарынан ауыр жағдайға душар болады.

«UMC» корпоративтік қорының Онко­логия және трансплантология ұлттық ғылы­ми орталығында қолқаның түрлі бөлімдерін кіші инвазивті жолмен эндотротездеу оталарын жасауда үлкен тәжірибе жинақталды. В.Землянский тамырішілік заманауи құрал – «стенд-графтты» пайдаланып, қолқаға 300-ден астам кіші инвазивті операция жасаған.

Айта кететін жайт, Онкология және трансплантология ұлттық ғылы­ми орта­лы­ғында аталған жоғары мамандан­дырылған емдеу әдісі еліміздің барлық аза­маттары үшін қолжетімді. Бұл мемлекет бюджеті есебінен тегін жасалады, сонымен қатар ақылы медициналық қызмет көрсету аясында да көрсетіледі.

«Егемен-ақпарат»