Медицина • 01 Сәуір, 2022
Аорта қатпарлануы бар жүрекке жасалған ота
«Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызмет жеткізушілерінің бірі – №2 көпбейінді қалалық аурухана. Аурухананың Шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығында МӘМС аясында пациенттерге қымбат оталар күнделікті жүргізіледі. Бұл жолы аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды», деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Өкпесі толық зақымданған ана аман-есен босанды
Елордадағы № 2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері босану кезінде өте ауыр халде болғанына қарамастан, пациент Айнагүл Оразбекованы сәтті босандырды. Оған коронавирус және ауыр дәрежелі екіжақты вирустық пневмония диагнозы қойылған еді. Ауыр жағдайға қарамастан, науқас салмағы 4 000 грамм болатын дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл қазіргі заманауи медицина қызметіндегі бір мысал ғана.
Ғылым • 01 Сәуір, 2022
Жас ғалымдар жаттандылықты қаламайды
Білім мен ғылым саласының өкілдері Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевпен бейресми кездесу өткізді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Болашақ» қауымдастығының өкілдері бірлесіп ұйымдастырған ашық диалогта ғылым мәселелері талқыланды.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Еңбек нарығы білікті маманға зәру
Қазіргі жағдайда еліміздің еңбек нарығындағы ахуал сын көтермейді. Зерттеулер көрсеткендей, түлектердің 30 пайыздан астамы болашақ мамандығын өз еркімен таңдамайды. Олардың жұмысқа орналаса алмау себептерінің бірі де осыған байланысты.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2022
Елім-жерім деп елжіреп тұратын халықпыз ғой. Осы жолы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы құрылып, орталығы Семей қаласы болатынын айтқанда, Тарбағатай, Катонқарағай, Марқакөл, Үржар, Самар өңірінің тұрғындары бөркін аспанға атты. Мемлекет басшысының бұл шешімі 1997-жылдары көршілес аудандармен бірігіп кеткен елді мекендерге де оң әсерін тигізер деп үміттенді.