Руханият • 02 Сәуір, 2021
Қаз дауысты Қазыбектің «Сөре тасы»
Отыз жылдан астам мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Үкіметін ең қиын кезде 1938-1951 жыл аралығында абыроймен басқарған Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Алматыдағы Мемлекеттік Орталық архивте жұмыс істеп, іс қағаздарын қарап отырғанымызда мына бір құжат көңіл аудартты. Аттап кете алмадық, мәнді көрінді. Есімізге Санкт-Петербургтегі Мойка өзені бойындағы «Пушкин сүрініп кеткен тас» деп қоршап, тарихи орынға айналдырып, әспеттеп отырғандары түсті. Таңғалғанбыз. Оған қарағанда мынау Қаз дауысты Қазыбектей дананың нақ суреті болса, халық үшін аса құнды дүние емес пе?!
Пікір • 02 Сәуір, 2021
Мәдени бірлік пен экономикалық кооперация маңызды
Түркі кеңесінің бейресми саммитін өткізу түркі әлемі елдері арасындағы жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға деген ұмтылысты айқын көрсетті. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) – қатысушы елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістетудің негізі.
Әлем • 02 Сәуір, 2021
Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құруды ұсынды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз сөзінде берік тарихи байланысқа, тіл, мәдениет және рухани құндылықтардың ортақтығына негізделген Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өңірлік өзара іс-қимылдың тиімді тетігіне айналып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Әлем • 02 Сәуір, 2021
Мажарстан түркі бизнес-форумын өткізуге дайын
Мажарстан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер құрған Сауда-өнеркәсіп палатасының ауқымды бизнес-форумын көктемнің соңында өткізуге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы елдің Премьер-Министрі Виктор Орбан сәрсенбіде өткен Түркі кеңесінің онлайн саммитінде хабарлады.
Пікір • 02 Сәуір, 2021
Сәрсенбінің сәтінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің басшылары бейресми саммитте бас қосты. Онлайн форматта өткен жиын түркі әлемі мен өркениетін жаңғыртып, дүниежүзі бетпе-бет келген сын-қатерге толы күрделі кезеңде бауырлас елдердің ынтымағына жаңа деңгейге көтеруге бағытталды. «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткен кездесуге қатысты сарапшылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының ой-пікірлерін ортаға саламыз.