Пікір • 02 Сәуір, 2021

Мәдени бірлік пен экономикалық кооперация маңызды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркі кеңесінің бейресми сам­митін өткізу түркі әлемі елдері ара­­сындағы жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға деген ұмтылысты ай­қын көрсетті. Түркітілдес мем­ле­кеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) – қатысушы елдер арасын­дағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тастықты өрістетудің негізі.

Мәдени бірлік пен экономикалық кооперация маңызды

Қазіргі уақытта құрамына Әзер­байжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия кіретін Кеңесті құру идея­сын алғаш рет Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баев ұсынған-ды. Сол кезде Ел­басы бұл құрылым келешекте гео­гра­фиялық және энергетикалық тұр­ғы­дан Шығыс пен Батыс арасын­дағы байланыстырушы буынға айнала­ды деп болжағанын атап өткен жөн.

Түркі кеңесінің I саммиті дәл Қазақстанда өтуі түркітілдес елдерді біріктіру бойынша интеграциялық үдерістің кезекті жолы болды. Қазақстандық сыртқы саясатқа қатысты көпвекторлы стратегия аясындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде түркі векторының болуы заңды.

Осындай аумақтық тетіктің болуы әртүрлі бағыттар бойынша мемлекетаралық диалогтың күн тәртібін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Сондықтан да өткен кездесу аясында Түркі Кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы мен Түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы ретінде түркі әлемінің кең кеңістігінде мәдени бірлік пен экономикалық кооперация идеясын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Елбасының Кеңесті трансформациялау жөніндегі ұсынысы ерекше мәнге ие.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келуге мәжбүр екенін, оларға қарсы іс-қимыл көпжақты ынтымақ­тас­тықтың табыстылығына байланысты болатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Түркі өркениетін жаңғыр­туды бастауға шақырды. Саммиттің «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өтуі Түркі кеңесі мүшелерінің әлемге ұлы түркі ойшылдарының бірегей киелі ескерткіштері мен мұра­ларын бірлесіп көрсету ниетін білдіреді.

Түркі кеңесі түркітілдес мемлекеттер арасындағы серіктес­тіктің орта­лық элементі болып қала береді деп қорытынды жасауға бола­ды. ТМЫК әлеуетін пайдалану қатысушы елдерге өзгеріп жатқан гео­сая­си жағдайларға дер кезінде бейімделуге, бұл ретте экономи­ка­лық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Лидия ПАРХОМЧИК,

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы