Коронавирус • 01 Сәуір, 2021
Отандық вакцина сәуірдің соңында салына бастайды
Еліміздегі эпидемиялық жағдай күннен-күнге күрделеніп бара жатқаны ақпараттарда айтылып, жаңалықтарда жазылып жатқаны жасырын емес.
Руханият • 01 Сәуір, 2021
Қазақ елінің өз алдына Тәуелсіздігін алғанына үш жылға аяқ басқан 1994 жылдың жазы еді. Даңқты спортшы, белгілі таэквондошы, алашшыл азамат Мұстафа Өзтүріктің өзінің ата-бабаларының сүйегі жатқан Мақаншы, Жарбұлақ (қазіргі Қабанбай ауылдық округі) ауылдарына құран бағыштауға келген сапары елде инфляция, экономикалық құлдырау басталған, жұрттың нан тауып жеуі қиыншылыққа айналған шақ болатын. Алайда, халықтың Мұстафаға деген шын ықыласы мен адал махаббатына бұлардың бәрі де кедергі бола алмады.
Руханият • 01 Сәуір, 2021
Айтұрған Темірова: Кез келген актер тұлғаны бейнелеуді армандайды
Кезінде Айтұрған Темірованы Батыс журналистері бұрын Кеңес Одағының Джина Лоллобриджидоға теңесе, қазақтар өзіміздің Әлия деп бауырына басты ал бауырлас қырғыз халқы біздің Айтұрған-Әлиямызды қырғыз киносының ханшайымындай алақанына салып отыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаров мерейтой иесін арнайы құттықтаса, біздің Мәдениет министріміз Ақтоты Райымқұлованың қазақ халқының атынан білдірген жүрекжарды лебізін Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің өкілдері салтанатты жағдайда табыстады. Өткен аптада ғана шығармашылығының жарты ғасырлық мерейтойын тойлаған Айтұрғанмен кездестік. Арадағы әңгіме кино әлемінде қазақ пен қырғыздың еншісі бөлінбеген кездердегі естеліктерімен жалғасты. Ол қазақ тарихына қатысты жаңа жобаларда өзін көргісі келетінін де айтып өтті.
Спорт • 01 Сәуір, 2021
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы 2-тур ойынында сырт алаңда Украина құрамасымен жолығып, алғаш рет тең ойнады.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Жақсылығын жарияламайтын жомарт
Көксу ауданы Балпық би кентінің тұрғыны, көп балалы ана Гүлзира Солтанғазиева отағасымен бірге 8 бала тәрбиелеп отыр. Ол өз отбасына қайырымдылық жасаған белгісіз кәсіпкерге дән риза.