Аймақтар • 23 Сәуір, 2018
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде білімді мамандар көбейеді
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2018
Қаламгер Жоламан Бошалақтың қайраткерлік қарымы
Белгілі қаламгер, курстасым, әріптесім Жоламан Бошалақтың 75 жылдық мерейтойына орай мақала жазып, ыстық лебіз, игі тілегімді білдіру мақсатымен қолыма қалам алғанда бұған дейінгі жарты ғасырдан астам өміріміз көз алдымнан бейне кино таспасындай сырғып өте берген. Жолекең еліміздің батыс өңірінен 1966 жылы сол кездегі С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түскенде жасы әлі айхай жиырма беске жете қоймаса да, боз жорғадай бозбалалықтан арыла қоймаған біздер үшін сақа жігіт болып көрінетін еді. Солай екен. Орта мектептен соң ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесін үздік бітіріпті. Кеңшарда түрлі жауапты жұмыстар атқарған. Газеттерге мақала, сықақ өлең, әңгімелері шығады. Бірте-бірте әдеби ортаға ойысады. Сөйтіп университетке өмір өткелдерінен өтіп келіпті. Сондықтан болар, біздер Жолекеңе қызыға қарадық.
Өнер • 23 Сәуір, 2018
Асанәлі Әшімов: Рухани жаңғырудың кілті төл өнеріміз бен мәдениетімізде
Ақтөбе қаласында Астананың 20 жылдығы құрметіне орай «Ән дарыған далада шынға айналған астанам» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Оған қазақ театр өнерінің саңлағы, Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Сөз сайысына халықаралық және республикалық айтыстарда топ жарып жүрген жыр жүйріктері мен айтыс өнеріне таяуда бет бұрған жас дарындар қатысты. Олар тоғыз жұп болып жыр нөсерін төгіп елордамыз Астананың арайлы айшықтары мен еліміздің жетістіктерін кестелеп өрнектей білді. Біз орайы келген сәтінде ұлттық өнеріміздің хас жүйрігіне жолығып, бірер сауал қойған едік.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2018
Қасым Қайсенов! Өмірі өзгелерге ұқсамайтын бұл ғажайып адамның аты-жөнін біз алғаш рет 1963 жылы жарық көрген «Ажал аузынан...» кітабынан оқып білдік. Суретімен тұңғыш рет ғалым Е.Бекмахановтың 1965 жылы мектеп оқушыларына арнап жазған «Қазақ ССР тарихы» оқулығынан таныс болдық. Ал өзін... иә, өзін Алматыға абитуриент боп келген 1969 жылы Баспочтамт маңындағы аллеядан көрдік. Сәлем беріп, әңгімелесуіміз республикалық жастар газетіне жұмысқа орналасқан 1974 жылдан басталды. Содан 1998 жылы Астанаға қоныс аударғанымызға дейін ағамызбен ылғи болмаса да редакция тапсырмасымен ара-тұра жүздесіп жүрдік. Соның нәтижесінде екі мақала өмірге келген-тін. Оның біріншісі қаламгер Қасым Қайсенов шығармаларын талдауға арналса, одан кейінгісі аты аңызға айналған аға ерлігінің лайықты бағаланбағандығы туралы ел зиялыларының сол кездегі республика, одақ басшылары Н.Беляев, Н.Хрущев және М.Горбачевке жазған хаттарына шолу еді. Ал төмендегі мақала құрметті оқырман, бұл Қасекеңмен 1974-1998 жылдар аралығындағы әңгімелердің қойын дәптердегі қалған үзік-үзік бөліктері. Халық қаһарманының 100 жылдық мерейтойында бүгінгі ұрпаққа танымдық тұрғыдан керек қой деп ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2018
Бес әлеуметтік бастама – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы елді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдей алатын, жан-жақты, прогрессивті және серпінді мемлекет ретінде қалыптасудың негізгі бағыттарын айқындайтын кешенді дамудың маңызды стратегиясы болып табылады.