Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Малды санитарлық талаптарға сәйкес сою қағидалары шалғай ауылдар үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Мысал үшін, Баянауыл және Шарбақты аудандарының тұрғындарына жалғыз қойын сойса да 70-80 шақырым жердегі қасапханаға сандалуға тура келіп тұр. Тіпті межелі орынға жануарды жеткізу бағасы кейде оның құнынан да асып кетеді дейді мал иелері. Кейбір жерде бұрыннан істеп тұрған мал сою алаңдары жабылып қалса, енді бір аумақтарда ол тіпті атымен жоқ.
Жұмыс • 25 Сәуір, 2023
Алматы облысында халық саны 1,5 млн болса, соның ішінде жұмыссыз жүргендер 4,8 пайызды құрайды. Өңірде, әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық белең алуда. Олардың пайыздық көрсеткіштері – 3,9. Ал жоғары білім алмаған, сондай-ақ еш жерде жұмыс істемейтін NEET санатындағы жастардың үлесі 7,3 пайызға жетіп отыр. Бұл, өкінішке қарай, республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Жастар • 25 Сәуір, 2023
Таяуда әлеуметтік желіде Украинада соғысып жүрген ресейлік «Вагнер» қарулы ұйымының құрамына қосылған қазақ жігіті туралы бейнежазба тарады. Бастапқыда оны ұрлап әкеткені, әскери ұйым қатарына күштеп қосқаны туралы ақпарат айтылған. Кейіннен жігіттің өзі бейнежазба жолдап, өз еркімен қосылғанын мәлімдеді.
Форум • 25 Сәуір, 2023
Еуразияның мүмкіндігі талқыланған форум
Алматыдағы К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде «Жаһандық сын қатерлер жағдайындағы Қазақстанның даму траекториялары» атты халықаралық форум өтті. Әлемнің бірнеше елінен келген ғалымдардың басын қосқан бұл форум академик Кенжеғали Сағадиевтың 85 жылдық мерейтойына арналды.
Саясат • 25 Сәуір, 2023
Алматыда Халықтық Рада спикері Борис Коллар бастаған Словакия делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул қызметіне Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жасыл экономика саласындағы сарапшы Гүлмира Толғанбаева тағайындалды.