Саясат • 25 Сәуір, 2023
Азаптауға қарсы ортақ күш қажет
Елордада «Expert Independent Research Institute» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Қазақстандағы азаптауға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Азаптауға қарсы іс-қимылдың проблемалық аспектілерін талқылауды мақсат тұтқан іс-шараға Жоғарғы сот, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Бас прокуратура, ІІМ өкілдері, Сенат және Мәжіліс депутаттары және сарапшылар қатысты.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Z ұрпақ: Интернетті қолдану мен еңбек нарығы
Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің әлеуеті басым. Содан болар Z ұрпақ ғаламторда коммуникация құралы ретінде интернет-мемдерді (ағыл. meme – интернетте тарайтын тапқыр, кекесінді мағына беретін сурет немесе бейнежазба түріндегі ақпарат) жиі қолданады. Аталған буынның еңбекке деген көзқарасы да зерделеуді қажет етеді. Z ұрпақтың осы және өзге ерекшеліктерін «Global Web Index» (GWI) пен «Randstad» атты екі компания сауалнама нәтижесінде анықтады.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Түркістан облысына Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман бірқатар ауданды аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Мақтаарал ауданында басталған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды. Үш күннің ішінде 500 отбасы, яғни 2 мыңға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Дәстүрлі «Парктер шеруі – 2023» акциясы аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері Әмір Базилов мектеп оқушыларына құстарға ұя жасауды үйретіп, шеберлік сабағын өткізді.
Жануарлар • 25 Сәуір, 2023
15 сәуірден бастап елімізде «Киік» акциясы басталды. Осы түз жануарының төлдейтін мезгіліне сәйкес келетін табиғат қорғау шарасы бір айға созылады. Оған еліміздің бірнеше облысының табиғат қорғау инспекторлары мен ІІМ және ҰҚК мамандары да қатысады. Мақсат – заңсыз киік аулайтын қылмыстық топтардың жолын кесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директоры Марлен Айнабеков мәлімдеді.