Экология • 25 Сәуір, 2023
Ел ішінде «Талдықорған – таза қала» деген ұғым бар. Табиғаты көркем мекенді солай айтса да жарасады. Әйтсе де, қоғам әртүрлі, бәрі бірдей өмір сүрмейді. Адам жүрген жерде қоқыстың да қоса ілесері анық, бірақ, оны арнайы жәшікке салуға ерінетіндерді қайтесіз. Осыны ескерген экобелсенділер сенбілік ұйымдастырып, тұрғындарды шаһарды таза ұстауға шақырды.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Ағаш егуде мін болмайды. Өсіп-өнуін кім ойлайды?
Осыдан оншақты жыл бұрын басталған үрдіс биыл да жалғасын тапты. Жуырда еліміз бойынша өткізілген «Ағаш егу» күнінен ұлытаулықтар да шет қалмады. Тіпті, аса белсенділікпен атсалысты деуге болады.
Руханият • 25 Сәуір, 2023
Таяуда қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналист – өмір барлаушысы. Журналистика – өмір мектебі» атты сұхбат кітабы жарық көрді. Оның кейіпкері – төл баспасөзімізде 48 жыл тынбай еңбек еткен кәсіби журналист Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Өмірден көргені мен түйгені мол аға буын өкілінің авторға диалог, интервью түрінде айтқан әңгімелерінде кешегі заман, бүгінгі қоғам жөніндегі ойлары ешкімді енжар қалдырмаса керек. Кейіпкердің, әсіресе қазіргі қазақ руханиятындағы тұлғалар, олардың орны мен рөлі туралы түйіп айтқан толғамдары ерекше.
Шахмат • 25 Сәуір, 2023
Непомнящий көшбасшылықты сақтап тұр
Жер-жаһандағы шахмат жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартқан Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы тартысты бәсекенің 10 және 11-партиялары да тең нәтижемен аяқталды. Бір қызығы, екі шахматшы кейінгі төрт турдан бері партиядағы жеңімпазды анықтай алмай келеді. 11-турда ресейлік Ян Непомнящий ақ тастармен ойнаса да, жеңіске жете алмады. Дегенмен ол жетінші турдағы жеңісінің арқасында матчтағы басымдығын сақтап қалды – 6:5.
Хоккей • 25 Сәуір, 2023
Қарымта ойында да қапы қалдырды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері елордада Латвия мен Финляндияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаһандық додаға дайындық барысында хоккейшілеріміз Оңтүстік Корея хоккейшілерімен екі мәрте мұзайдында жолығып, екі ретінде де қарсыластарын ірі есеппен тізе бүктірді.