Медицина • 27 Сәуір, 2022
Соңғы кезде көкірек тұсы кеселге шалдыққандарға «кеңірдек стенозы» диагнозы жиі қойыла бастаған көрінеді. Бұл туралы алматылық хирург Мұхтар Нысанбай: «Мұндай жағдайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен, әсіресе жасанды тыныс алу аппараты арқылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасалған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұншығып, ауа жетпей қиналады, қақырық түсуі қиындайды», дейді.
Медицина • 27 Сәуір, 2022
Smart Capsule бейнекапсулалық эндоскопияның тұсауы кесілді
Елімізде 2014 жылдан бері бейнекапсулалық эндоскопия жасалынып келе жатқандықтан, оны бірінші болып жүзеге асырған Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты айтарлықтай тәжірибе жинақтады деуге негіз бар. Бірегей зерттеулерді жүргізуде аталған институт стратегиялық серіктестік шеңберінде шетелдік, халықаралық клиникалық орталықтармен, университеттерімен ынтымақтастық орнатып, оның нақты нәтижесін көріп отыр.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2022
Ақын атындағы мектеп аянышты күйде
Хакім Абайдың қасиетті қара өлеңі, ұлағатты сөзі, бүтін болмысы, барлығы да қазақ халқының рухани биігі, кемел дәрежесі деуге болады. Ұлы Абайды ұлықтау, қадір тұту – бүгінгі ұрпаққа парыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойы елімізде жоғары деңгейде аталып өтті. Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты еңбегінде де хакім Абайдың даналық сипатына кеңінен тоқталған болатын. Әрине, Абай сияқты алып тұлғаны ұлықтау мұнымен бітпейді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2022
Табиғи ұлттық парк аумақтарында қорықшылар аң-құстарды қорғап ғана қоймайды, жылына екі рет санақ жүргізіп, тіркеп отырады. Жуықта «Катонқарағай» ұлттық табиғи парк аумағында көктемгі санақ жұмыстары аяқталды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2022
Ауыл кәсіпкерлерін жеткілікті деңгейде қолдау қажет
Президент биылдан бастап әр аудан әкімдігі жыл бойы 100 жұмыс орнын ашу жөнінде тапсырма берді. Бұл үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, экономиканың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау сынды кешенді жұмыстар легі қолға алынуы керек.