Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Ең асыл қазыналарымыздың бірі – ел тыныштығы. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр бедерінде бұл салада жинақталған тәжірибе мол. Соның жарқын бір үлгісі Қызылжар өңірін мекендейтін жүзден астам этнос өкілдерінің «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» тату-тәтті жарасымды өмірі дер едік. Маңайына этномәдени бірлестіктерді топтастырып, жұртшылықты бүгіннен де нұрлы кемел болашақ құруға жұмылдырып келе жатқан Достық үйін тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы, киелі бесігі десе де болады. Біз толеранттылықты, ауызбірлікті баға жетпес басты байлығымызға балап, оған өз үлестерін қосып жүрген адамдарды сөзге тартқан едік.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Бауырлас ел Қазақстанмен байланысқа басымдық береді
Елбасы Н.Назарбаевтың шақыртуымен 18-19 сәуір күндері Астанаға мемлекеттік сапармен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келіп кетті. Бұл Түрікменстан басшысының елде ақпан айында өткен президенттік сайлаудан кейінгі шетелге алғашқы сапарларының бірі.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Сыртқы істер министрлері меморандум жасасты
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Оның қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Үкімет • 24 Сәуір, 2017
Саммиттің күн тәртібі айқындалды
Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен ШЫҰ бас хатшысы мен ШЫҰ Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы Атқарушы комитеті директорының қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ШЫҰ СІМК) кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Бюджетті игерген аудандарға сыйақы берілуі мүмкін
Енді облыстың аудан-қалалары арасында бюджет қаржысын игеруден жарыс болуы әбден мүмкін.