Қоғам • 27 Сәуір, 2022
Қараусыз мал – ұрыға оңай олжа
Күні кешегі коронавирустың өршіген кездері көпшілік бұрынғы тіршілік ырғағынан жаңылғаны, шектеулердің көп мәселеде қолбайлау болғаны мәлім. Алайда ұрылар үшін пандемияңыз пәлендей кедергі болмаған сыңайлы. Жуырда Түркістан облысының Ордабасы аудандық сотында бір топ адамға қатысты ірі көлемде мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Облыс аумағында 2020-2021 жылдар аралығында 5 сотталушы алдын ала сөз байласып, жылқы ұрлаған. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал – 15 250 000 теңге.
Қоғам • 27 Сәуір, 2022
Орындалмаған заң биліктің беделін түсірмей ме?
Маңғыстауда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына қатысты даудың туындауы да, тиянақталуы да түсініксіз болып тұр. Халық пен билік арасында алтын көпір болуға тиіс Қоғамдық кеңеске тұрғындар тарапынан қызығушылық көп. Маңғыстауда биыл елге пайдам тисе, бір мәселені шешуге үлес қоссам деген үмітті арқалағандар соңғы сатыда дауға жолықты. Дау облыстық мәслихаттың іріктелген құрамды бекітпеуінен туындап отыр.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2022
Алтын өндірумен айналысатын «Алтыналмас» компаниясы Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кен орнын одан әрі дамытуға бейілді емес. Компанияның басқарма төрағасы Дияр Қанашев кен орнын дамытуға 70 млн доллар қаржы және 5 жылдан аса уақыт керек екенін мәлімдеді.
Қаржы • 27 Сәуір, 2022
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 0,5 пайыздық тармаққа дейін жоғарылатып (13,50-ден), 14 пайыз деңгейінде белгіледі. Осылайша, көпшілік күткен төмендеу жүзеге асқан жоқ. Ұлттық банк ақша-несие саясатын әрі қарай қатаңдатуға көшкенін көрсетті. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің хабарлауынша, әлемде инфляциялық қысымның күшеюі, Қазақстанның сауда серіктес елдеріндегі баға қымбатшылығы базалық ставканың көтерілуіне негіз болған. Биыл наурызда жылдық инфляция 12 пайызға дейін жетіп, рекорд жаңартқан болатын.
Экономика • 27 Сәуір, 2022
Ел экономикасы қайтсе жақсарады?
Қазіргі ішкі нарықтың жағдайы сан құбылып тұр. Оның алда қалай өзгеретіні де белгісіз. Нарыққа қысым іштен де, сырттан да төніп, қолдағы мүмкіндігімізді әртараптандыру қажет екені сезіле бастады. Бұл мәселе Алматыда «Сағадиев оқулары» шеңберінде «Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты: болмысы мен болашағы» тақырыбымен өткен халықаралық конференцияда кеңінен талқыланды.