Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Ұлт ілгері баспаса, кейін басады. Алға жүрмеген, кейін – кері кетеді. Өмірде дамыл жоқ, дамуда – кідіріс. Сондықтан, біз үнемі қозғалыстамыз: бүкіл әлем, барлық ғарыш та тапқан бағыт-бағдарынан адаспай, мәңгілік мұраты – мәңгілік қимыл-қозғалыс үстінде, салмағына қарай айқындаған жол кестесінен жаңылмай, бір-бірін, сосын – шексіз космос тұманы, шаң-тозаңынан құралған галлактикаларды айналады. Ғаламда бір орында қимылсыз тұрған аспан денесі немесе ғарыш нүктесі жоқ. Біздің өзіміз, біз өмір сүріп отырған Әлемнің табиғаты осындай.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Жобаларымыз жаңа мазмұнмен толықтырылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» басылымына ұлттық идеологияның басымдықтарын айқындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Мақаланы білім мен тәрбие, идеология саласын зерттеп, осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар стратегиялық ұзақ мерзімді құжат ретінде қабылдады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Табиғат төсіндегі сылдырлап аққан ақтұма балбұлақтардың мөлдірей ағып, өзенге, өзен кең айдын теңізге құйылып, теңіз мұхитқа ұласатыны секілді, білім мен мәдениеттің асыл қайнарларынан терең сусындап өсетін бүгінгі бал бүлдіршіндер де ертең есейіп, ел болашағының бір-бір нық уығы болып шаншылатыны айдай ақиқат.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Таразда республикалық ретро әндер байқауы өтті
Таразда «Жастар дауысы» республикалық ретро әндер байқауы өтті. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығы қарсаңында алғаш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.