Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еткен Отанымыздың игілігі мен рухани жаңғыруына аса мән берген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың бұқара халқымыздың алдында паш етілді.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Бұл Жолдауында Президентіміз жаңа басталған әлемдік төртінші өнеркәсіптік төңкеріс кезеңінде Қазақстанды жаһандық бәсекеге қабілетті, экономикалық және әлеуметтік жағынан жаңаша дамыған мемлекет ретінде қалыптастырудың өзекті мәселелерін сөз етсе, ал мына еңбегінде елді рухани жаңғырту жайын қозғайды. «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға алдық, – деп жазды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы еңбегінде. – Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу... Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі кеңес
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын экономиканы жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын негізгі міндеттер мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері мен Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент депутаттары, діни және жастар ұйымдарының өкілдері бас қосқан кеңесте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жоғарыда аталған мәселелер шеңберінде баяндама жасады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов, делегаттар, партия фракциясының жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.