Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Уақыт ырғағын дөп басқан

123 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

​Әлемдегі ең дамы­ған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еткен Отанымыздың игілігі мен рухани жа­ң­­ғыруына аса мән бер­ген Тұңғыш Пре­зи­дентіміз – Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қаласы қалың бұқара халқымыздың алдында паш етілді.

Уақыт ырғағын дөп басқан

Аталған мақалада Елбасы рухани жаңғыру тұсында ел келешегі мен ұлттық сананы қалыптастыру жолында ұлан-ғайыр жұмыстар мен маңызды бағдарламалардың қа­былданғанын атап өткен болатын. Осылайша, Елбасымыз еліміздің мықты әрі жауапкершілігі мол – Біртұтас Ұлт болу мақсатында өткерген ауқымды да мақсатты жұмыстарды атап, күллі қазақстан­дықтармен болашаққа бағытталған көзқарастарымен бөлісті.

Аталған мақаласын Мемлекет басшысы қазіргі заманның ұлт­тық санасынан бастап, мынадай сүбелі сөздерді ортаға салды: «Күн санап өзгеріп жүрген дү­бір­лі дүниеде сана-сезіміміз бен дү­­ниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйіс­тіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзі­мізді мықтап қолға алып, заман ағы­мына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».

Демек, жаңаша жаңғырған қо­ғамның тарихи түп тамырынан­ бастау алатын өзіндік рухани Ұлт­тық кодың болуы тиіс. Бұл дегені­міз, рухани жаңғыру аясында Ұлт­тық кодты сақтап, алдағы күнге сеніммен қарау мен ізгі қасиеттерді бойына сіңіру арқылы заман сынынан сәтті өткен озық дәстүрлерді осы жаңғырудың басты алғышарттарына айналдыру болып табылады.

Осыған орай, Елба­сы жалпы қоғам мен әрбір азаматтың санасын жетілдіру мақсатында бір­қа­тар бағыттарды атаған болатын, олар: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, бі­лімнің салтанат құруы, еліміздің эволюциялық дамуы мен сананың ашықтығы.

Сөйтіп, рухани жаңғыру – елі­міз­дің ұлттық және рухани тамыры­нан нәр алып, ұлттық сананың түр­лі полюстерін үйлестіре алатын ма­ңызды рөлге ие. Бұл жөнін­де Ел­басымыз «Бұл – тарлан тарих­тың­ жасампаз бүгінгі күн мен жар­қын­ болашақтың көкжиектерін үй­­лесімді сабақтастыратын ұлт жа­­дының тұғырнамасы», – деген болатын.

Осы ел ырысы мен игілігіне ба­ғытталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында Президент Н.Назарбаев алты нақты жобаны ұсынып, олардың үш негізгі мә­селеге бағытталатынына зер салды:

– ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи еліміздің іргетасын қалауға елеулі үлесін қосқан адамдарды қоғамға таныту;

– оларға ақпараттық тұрғы­дан қолұшымызды беріп, ел ішін­де белгілі болудың жаңа мульти­медиалық алаңын қалыптастыру;

– «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау.

Яғни, аталған бағыт-бағдарлар азаматтарымыздың және біртұтас ұлтымыздың елеулі мақсаттарға жетіп, өсіп-өркендеуіміздің бірден-бір темірқазығы болары сөзсіз. Себебі, бұл рухани жаңғыру бағ­дар­лары еліміздің өзіне ғана тән даму үлгісін қалыптастырып, салт-дәстүрлерімізден, тілімізден, жорал­ғы­ларымыздан, әуендерімізден жә­не әдебиетте­рімізден сусындаған ұлт­тық рухымызды нығайтатыны кү­мәнсіз.

Осыған байланысты Елбасының, «Мен қазақстандықтардың ешқа­шан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қа­лаймын. Біріншісі – Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, еш­­қандай жаңғыру болмайды. Екін­шісі – алға басу үшін ұлттың да­муына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деген терең мағыналы ойын барлығымыз басшылыққа алып, негізгі ұстанымымызға айналдыруымыз керек.

Қазіргі таңда әрбір жеке адам болсын немесе мемлекет болсын заман талабына сай бейімделіп, уақыт ырғағымен алға дамуы керек. Өйткені, жаңғыру жалғаспалы процесс болса, өмір сарқырама секілді бір орында тұрмайды. Сондықтан, да рухани жаңғыру жарқын болашақтың кепілі дей отырып, сөзімді Елбасының «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» деген данагөй сөзімен тәмамдағым келеді.


Камал БҰРХАНОВ,

қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024