Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті
Алматы облысы тұрғындары ай сайын 111 тоннаға жуық азық-түлік тауарын тұтынады екен. Бұл тізімде күн көріске ең қажетті деген заттар түзілген.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Ымырасы жоқтың ынтымағы болмайды
Елдікті ойлап, еңселі болуды мұрат тұтқан азаматтың парызы – небары ширек ғасырда жас Қазақстан мемлекетін әлемге танытқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатына қолдау көрсету болуы керек. Елдік мұраттың бастауында елімен етене Елбасының сенімді серіктері мен қолдаушылары жүргенін бүгінгі тарихи дәуір екшеп үлгерді.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Қарағанды облысы: Карантиннің қылбұрауы босады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен соң Қарағанды облысында карантинның қатаң тәртібі жеңілдетілді. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Батыс Қазақстан облысы: 5 адамға 928 750 теңге сыйақы
Батыс Қазақстан облысында биылғы үш айда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына жәрдемдескен азаматтарды көтермелеу үшін 5 адамға 928 750 теңге сыйақы төленген.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Қарағанды облысы: Birgemiz қоры 18 мың тұрғынға 50 мың теңгеден береді
Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова Birgemiz акциясы аясында өңір тұрғындарына қандай көмек көрсетілетінін мәлім етті. Мысалы, қазірдің өзінде облыстың үш қаласында 13 мыңнан астам адам 50 мың теңгеден бір реттік көмек алған. Енді, әлеуметтік жағынан осал 18 мың адам мамыр айында дәл осындай көмек алатын болады.