Су тасқыны • 24 Сәуір, 2024
Еліміздің біраз өңірі қарғын судан зардап шегіп жатқаны мәлім. Су тасқынының алдын алуда неден мүлт кеттік? Саладағы олқылықтарды түзеудің қандай жолы бар? Су тасқынымен күресудің қандай тиімді тетігін тапқан жөн? Осы орайда саладағы проблемамен жіті таныс маман, «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-ның бас ғылыми қызметкері Оразхан Қарлыхановтың пікірін білдік.
Құқық • 24 Сәуір, 2024
Елімізде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты кейінгі жылдары қабылданған әкімшілік және құқықтық жауапкершілік жәбірленушілер арыз жазбаса да іс қозғауға мүмкіндік береді. Полицияның түсіндіруінше, көрші үйдегі айқай-шу туралы хабарламаның өзі абьюзердің әрекетіне тосқауыл қойып, жуан жұдырыққа жаза арқалатуға негіз бола алады. Алайда құқыққа нөлдік төзімділік танытқысы келген куәгерлердің басын дауға қалдырған 438-бап отбасы-ошақ қасындағы қылмысты азайтуға септігін тигізе ала ма?
Отбасы • 24 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда отбасы институтын нығайту мақсатында адам денсаулығына жеңіл түрде зақым жасалғаны үшін жаза қатаңдады. Оған қоса неке құру, отбасын сақтауға қатысты жаңа ұстанымдар қарастырылды. Әйел мен баланы қорғау, отбасылық мәселелер бойынша байланыс орталықтарының құқықтық негіздері айқындалды.
Технология • 24 Сәуір, 2024
Бүгінде адамзат жасанды интеллект атты жаңа технологияның өмірімізге еніп жатқанының куәсі болып отыр. Медицина, білім, музыка, өнер, қауіпсіздік, қорғаныс салаларынан бастап аудио, мәтін аудармасы арқылы тілдік кедергілерді жоюға дейінгі жан-жақты бағыттарды қамтыған жасанды интеллектінің мүмкіндіктері әлемде ғалымдар мен өнертапқыштардың қызу талқысына түсті. Стэнфорд университетінің Адамға бағытталған жасанды интеллект институты 2024 жылдың сәуір айында жасанды интеллект индексінің есебін (Artificial Intelligence Index Report 2024) жариялады.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Төрт түлік қауіпсіз өріске шығарылды
Атырау облысында Жайық өзенінің жайылмасына су шыға бастады. Мәселен, кеше Махамбет ауданындағы 17 учаскеге қарғын судың жайылғаны тіркелді.