Өнер • 26 Сәуір, 2022
«Біздің елдің жігіттері» деп басталатын қамырықты да зілді әуенді қара дауыстан қоздатып келіп жіберсе, қосыла кетпейтін қазақ жігіттері аз-ау, сірә. Көзі қарақтылардың көбі Есенқұл Жақыпбековтің немесе Жәкен Омаровтың есімін атауы мүмкін. Бірі сөзін жазса, бірі бәсі биік сөзге қорғасындай балқытып әнін құйыпты. Ән авторы екеуі болғанымен, туынды халықтың игілігіне баяғыда айналып кеткен. Тіпті туған күнінен шырқалып кеткенін айтады Есенқұл Жақыпбеков. Сондықтан біз қос авторды қоя тұрып, ән туралы айтамыз.
Өнер • 26 Сәуір, 2022
«Неге екенін білмеймін, жұлдыздарға қараған сайын ылғи армандағым келеді».Винсент Ван Гог
Өнер • 26 Сәуір, 2022
Кейде адамның тағдыры өз есімімен сәйкес келеді. Әрине, ол – сирек кездесетін құбылыс. Мыңдарға бұйырар бақ. Әйтпесе, талай дүр есімді иеленгенмен, иленіп жүргендер қаншама?! Біздің кейіпкеріміздің атын кім қойса да, аузы дуалы адам қойған. Асылболат десе, асыл болат. Жә, сөзді көп созбайық. Ендігі әңгіме – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, арқалы актер, әнші, суретші Асылболат Смағұловтың «Бекежан» рөлі жайында. Кезінде осы рөліне атақты актер Кәукен Кенжетаев: «Низкий поклон и огромная благодарность молодому актеру воплотившего, в реальность роль Бекежана» деп тәнті болыпты.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2022
Дұрыс жазып, түсінікті сөйлейік
«Егеменнің» бетінде тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті туралы аз жазылып жүрген жоқ. Олардың, әрине осы бағыттағы олқылықтардың алдын алуға, кемшіліктерді түзетуге көп көмегі де тиіп жатыр. Дегенмен біздің де бұл ретте аздаған айтарымыз болып тұр.
Руханият • 26 Сәуір, 2022