Экономика • 26 Сәуір, 2021
ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі өсті
Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын тауар көлемі 9 пайызға өскен. Импорт 2 пайызға қысқарған. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының құны 3 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары.
Оқиға • 26 Сәуір, 2021
Ирак астанасы Бағдатта COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеу үшін салынған ауруханада өрт шықты. Тілсіз жау ондаған адамның өмірін қиды.
Әлем • 26 Сәуір, 2021
Байден «Армян геноциді» туралы айтты
АҚШ президенті Джо Байден «1915 жылы армяндар Осман империясы тарапынан қысымға ұшырады. Және бұл геноцид екенін мойындап, тиісті атауын беруіміз керек» деп мәлімдеме жасады.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2021
Солтүстік Қазақстан өңірінде биылғы алғашқы тоқсанда жұмыртқа өндіру көлемі төмендеген. Былтыр күзде облыс аумағында құс тұмауы шығып, көп құс қырылған еді. Індеттің зардабы әлі күнге еңсерілмей жатыр.
Футбол • 26 Сәуір, 2021
Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 1-10 маусым аралығындағы ФИФА-ның ресми күндері аясында Косово футболшыларымен жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.