Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Сырда туып, ән өнерінің сандуғашына айналған Роза Бағланова есімі ұлт руханиятындағы тұтас бір дәуірдің бастауында тұрғаны даусыз. Ғажайып әншінің ғасырлық тойы елімізбен қатар ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуде. Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманының есімін ұлықтауға арналған шаралар аясында Қызылордада республикалық «Ақмаңдайлым» әншілер конкурсы өтіп, қаладағы орталық алаңда ескерткіші бой көтерді.
Таным • 26 Сәуір, 2022
Биыл көрнекті тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, сәулетші Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осы атаулы мерейтойға орай ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлт мақтанышын ұрпақ санасында жаңғырту мақсатында көрнекті тұлғамен тірісінде жаны жақын болып, жүрегіне жылы естеліктер жиған химия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлымен әңгімелескен едік.
Өнер • 26 Сәуір, 2022
Бас жүлде Болгария әншісіне бұйырды
Қостанайда үш күнге ұласқан «Алтын микрофон-2022» халықаралық байқауы да аяқталды. Жас әншілердің дәстүрлі додасына Қазақстанның әр түкпірінен және Армения, Болгария, Қырғызстан елдерінен келген 49 үміткер қатысты.
Театр • 26 Сәуір, 2022
Театр әлеміне өзгеше құбылыс болып келген талантты режиссер, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархад Молдағалидың «Құлагер» дастанын драма тілінде сөйлеткеніне де биыл үшінші жылдың жүзі толыпты. Бәйге мен бақталастықты, аламан мен арпалысты тұлпар тұяғының дүбіріне сыйдырған «Құлагер» спектаклі сахналанған күннен бастап сыншы біткеннің бағасын алып, сахна сайыстарында топ жарумен келеді. «Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, артынан жөнелгенде жетпес жылқы». Құлагердің өлеңдегі өр сипаты шабыт пен шеберліктің үйлесімінен туған спектакльден де көрініс тапты.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Сақтандыру секторының табысы өсті
Биыл жыл басынан бері отандық сақтандыру компанияларының табысы 158,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл – 2021 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 42,9 пайызға жоғары нәтиже. Ал он жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе көп.