Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық індеттің таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Оқиға 1 сәуір күні болған.
Руханият • 02 Сәуір, 2020
Жас суретшілердің республикалық байқауы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен «Жануарлар – менің достарым» республикалық сурет байқауы бастау алды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Түркістан облыстық мәслихат депутаттары үндеу жолдады
Түркістан облысында Nur Otan партиясы бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыс бойынша 1500 аз қамтамасыз етілген отбасыға түрлі көмек көрсетілуде. Аталмыш акция аясында арнайы қорға қаржы аударып, мұқтаж жандарға азық-түлікпен де көмектесіп жүрген облыстық мәслихат депутаттары кәсіпкерлерге және іскер азаматтарға үндеу жолдады.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
«ҚазМұнайГаздың» бір мұнайшысынан коронавирус анықталды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төтенше жағдай режимін назарға алып және өз қызметкерлері мен барлық мүдделі тараптары алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, сондай-ақ ашықтық пен айқындылық қағидаттарын ұстанып, ҚМГ компаниялары тобындағы коронавирусқа байланысты жағдай туралы хабарлайды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Қостанайда маска тақпаған адам масқара болады. Облыстың бас санитары бүгіннен бастап көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салды. Енді маска тақпаған адам ешбір ескертусіз, бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қамауға алынуы да мүмкін. Мұны бүгінгі брифингте қала әкімінің орынбасары Андрей Финк те растап отыр.