Қоғам • 26 Сәуір, 2021
«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын»
Біреудің тасбауырлығынан түңілгенде айтылған бұл сөз халықтың көкейіндегісін дөп басқан соң, мәтелге айналып кеткен. Оны қазір көбіне үлкенді-кішілі шенеуніктерге қарата айтатын болдық.
Жеңіл атлетика • 26 Сәуір, 2021
Жеңіл атлетикадан Түркияда халықаралық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының спортшылары елге табысты оралды. Жерлестеріміз екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.
Қоғам • 26 Сәуір, 2021
Жайылымның аздығы жанға батады
Өңірдегі 605 елді мекеннің 525-інде жайылымның аздығы таяу уақытта шешіле қоймайтын мәселеге айналған. Елдің өкпесі қара қазандай болатын тұс та осы. Елді мекендердегі малсақ қауымға төрт түлік малын жаю үшін 1,7 млн гектар жайылым керек.
Елбасы • 26 Сәуір, 2021
Өткенді білу – өскеннің белгісі
Өмір – өзен. Уақыт – ағын. Су секілді уысыңда тұрмайды, тоқтаусыз ағып, байқатпай өтіп жатады. Қорқыт бабадан жеткен: «Өткен күн, кеше – тарих, Келер күн, ертең – сыр, Бүгінгі күн – сый екенін ескерсек, тарлан тарихқа ден қойғанымыз жөн. Тарихын білмеген халық тілінен айырылады, ал тілінен айырылған халық тобырға айналады. «Өткенді білу – өскеннің белгісі, өткенді ұмыту – өшкеннің белгісі», деп халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан бәріміз: «Біз шала халықтың емес, дана халықтың ұрпағымыз» деген сөзді ұлттық ұранға айналдыруымыз қажет.
Экономика • 26 Сәуір, 2021
Бүгінгі таңда елімізде балық шаруашылығын дамыту – басты мәселенің бірі. Жамбыл облысында да аталған мәселенің өзектілігі артқан. Мәселен, қазіргі кезде тұтынушылар тарапынан балық өніміне сұраныс жоғары. Алайда бүгінде балық шаруашылығын дамыту үшін елімізде қолдау болғанымен, оның іске асуында өңірде кедергілер де болып тұр. Аталған кәсіп түрінің жетістігі неде, кемшілігі қандай дейтін болсақ та, сол баяғы су тапшылығы мен мамандар жетіспеушілігі мәселесіне келіп тірелеміз.