Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек болатынын мәлімдеді. Облыс басшысы өңірде орын алған төтенше жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзген болатын.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Алматы аумағын су шаю қаупі туралы ақпарат жалған - ТЖД
Соңғы күндері еліміздің аймақтарында орын алып жатқан су басу оқиғалары Алматы жұртшылығының назарын аударды. Екі − үш күннің айналасында әлеуметтік «WhatsApp» желісінде жаппай таратылған «Алматыдағы Қарғалы бөгеті арнасынан асуға шақ қалыпты» деген хабарламаның анық-қанығына жету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мамандарына хабарласып, мән-жайды білген едік.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Шағын мектептердің жабылуына қарсы
Павлодарда Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Оған облыс басшылығы мен аймақ активі қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Қос қабатты сауда үйінің шығар есігіне жақындай берген кезде сырт жақтан егде кісінің келе жатқанын байқадым. Бала күннен қалыптасып қалған әдет − ақсақалға ілтипат көрсетпек ниетпен есіктің тұтқасына қарай қолымды соза бергенім сол еді, қас пен көздің арасында бір жігіт таптап кетердей екпіндеп ішке енді. Түр-түсін де дұрыстап аңдай алмадым. Әйтеуір, айқастыра байлаған түрлі-түсті мойынорағышы бірден көзге түседі екен, онысы бет-әлпетін жартылай жауып тұр. Жүрісі қатты. Өте асығыс. Ешкімді елейтін түрі жоқ. Жер-жаһанда жалғыз жүрген жандай-ау, сірә. Мені қойшы, алдында келе жатқан әлгі ақсақалды да қағып-соғып өте шыққан жоқ па сабазың?
Парламент • 20 Сәуір, 2017
Сенатор Назарбаева: Сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпесін
Парламент Сенатында Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.