Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Қазақстан мен Корея өкілдері білім берудегі цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Талқылауға Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова, Кореяның білім және зерттеу мәселелері жөніндегі ақпарат қызметінің (KERIS) мамандары қатысты.
Ғылым • 24 Мамыр, 2024
«Superpave»: Ғалымдар сапалы асфальт жобасын жүзеге асырады
Ғылымды дамытуға әуелі дұрыс көзқарас, сосын барып қана ауқымды жоба-жоспар қажет. Қуантарлығы, кейінгі бірнеше жылдың шамасында мемлекет ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге ынталы екенін байқатты. Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылғалы саланы қаржыландыруға, ғалымдарды қолдауға көп көңіл бөліне бастады.
Сауда • 24 Мамыр, 2024
Геосаяси жағдайға байланысты құрлықтардың сауда-қатынас жолдары өзгеріп жатыр. Ол туралы жазылған пікір мен болжам да көп. Дегенмен сарапшылардың әсіресе, Еуразия құрлығындағы ойыншыларға қатысты көзқарасы оң: жақын келешекте Қытай, Үндістан және Орталық Азия бағытында инвестиция мен тауар айналымы артады.
Инвестиция • 24 Мамыр, 2024
Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 857,6 млн доллар болып, жылдық жоспар 190,1%-ға орындалған. Биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 трлн 133,8 млрд теңге көлемінде бекітілген. Қазіргі уақытта бірінші тоқсанның қорытындысымен өңірге 132,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция – 116,1 млрд теңге, бюджеттік инвестиция – 16,1 млрд теңге.
Ауыл • 24 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданының қиыр шетінде шағын ғана Аққозы деген ауылдық округ бар. Орталығы Қоржын деп аталады. Осы ауыл биыл наурыз айының соңында су тасқынының астында қалып, бүкіл елге мәлім болды. Ауыл тұрғындарымен кездесуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді.