Өнер • 23 Мамыр, 2023
Мың жүректе күмбірлеген күй-әуен
Қазақ домбырадан әсте жалықпайды екен. Әйгілі концерт арасында атты қосын лап бергендей Құрманғазы «Сарыарқасының» үзіндісі залды күңіренте барғанда, тыңдарман орнынан тұрып кетердей қошемет үсті-үстіне үдей түсті. Бұл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Астана Опера» театрында қойылған Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты салтанатты одасының ортасындағы сәт қана. Теңіздей найқалған тыңдарман ықыласын тамшыдай сәтінен-ақ аңғара беріңіз. Домбыраға, ұзақ сарынды күй мен әуенге, жалпы мәдениетке деген сүйіспеншілігі осындай халықтың.
Спорт • 23 Мамыр, 2023
Рыбакинаның табысы – 10 155 965 доллар
Отандық «Дядя Ваня» деп аталатын Telegram-канал өздерінің спорттық мансабында ең көп табыс тапқан ел теннисшілерінің тізімін жариялады. Бай-қуаттылардың рейтингінде еліміздің бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина көш бастап тұр.
Қоғам • 22 Мамыр, 2023
Жер мәселесі – елдіктің мәселесі
Жер мәселесі – халықтың ең жанды жері. Сол себепті де ел жанды жеріне тиетін кез келген сұраққа сергек қарайды. Жақында әлеуметтік желіде «Қытай сайттарында қазақтың жері арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр» деген жазба пайда болды. Бұл хабарламаны естіген жұрт наразылық білдіріп, құзырлы органнан ресми жауап беруін талап еткен еді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2023
Үздік әкімге автокөлік сыйлайды
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданында ерекше байқау басталды. Ауданға қарасты 16 ауылдық округ әкімі өзара жарысқа түсіп, ең үздігі анықталмақ. Бас жүлдеге жол талғамайтын автокөлік тігілген.
Ауыл • 22 Мамыр, 2023
Үкімет ауылды қалай түлете алады?
Ел Үкіметі ауылды дамытуды қолға алып жатыр. Құптарлық шара. Енді «Үкімет ауылды қалай дамытады?» деген үлкен сұрақ туады. Өйткені өткен кемшіліктерден сабақ алып, содан дұрыс қорытынды жасай ала ма деген күрделі сауал жалпы халықты мазалайтыны анық. Осыған дейін жүріп өткен жолымыздағы ең үлкен қателік – ауыл шаруашылығы сауатсыз жекешелендірілгені туралы белгілі ғалым, экономист Бейсенбек Зиябеков көп дәлелмен тәптіштеп айтып берді.