Пікір • 22 Мамыр, 2023
Екінші тынысы ашылған ел ғылымының жоқ-жітігі мен кем-кетігі біртіндеп бүтінделе жатар. Бірақ батыл шешімдер әлі де керек секілді. Мәселен, отандық ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолды байлайтын зәруліктерге мән берілсе дейді.
Театр • 22 Мамыр, 2023
Ақынның «Болмаған балалық шағы»
Ақын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шағының» әу баста повесть болып жарық көріп, оқырман жүрегіне жеткенінен кітапсүйер көзіқарақты қауым хабардар. Көңіл пернесіне дөп түскендігінен де болар, соңғы кезде айтулы шығарманы сахнаға шығаруға ниетті режиссерлер де көп. Соның бірі – осыдан бір ай бұрын Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Фархат Молдағали қолтаңбасымен қойылған нұсқасы болса, енді міне, елордалық Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік комедия және драма театрында жас режиссер Әли Бидахметтің сахналық сараптауында тағы бір туындының тұсауы кесілді.
Әдебиет • 22 Мамыр, 2023
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының С.Мұқанов атындағы әмбебап кітапханасында Әбдірахман Айсариннің 125 жылдығына арналған әдеби кеш болды. Ол – азапты жылдарда ауыр тағдырға тап болған қазақтың алғашқы жазушыларының бірі, Алашорда ісін жақтаған, Мағжан Жұмабаевты қолдаған қоғам қайраткері. «Айжанның азабы», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы», «Болсаң, Болаттай бол» сияқты әңгімелері мен «Алма өз түбінен аулаққа түспейді», «Көн құрысса, қалпына барады» атты хикаяттары, мақалалар мен көсемсөздері баспасөзде жарияланып, өз заманында халқына қаламымен қызмет еткен елеулі азамат.
Руханият • 22 Мамыр, 2023
Қанағаң аялдаған, Қалмұқан туған үй
Әйгілі кентанушы Қосым Пішенбаев туралы мәліметтерді іздеп жүріп, Баянауылда бұрын ел естімеген деректерге кенелдік. Ауданның қақ төрінде кезінде Қаныш Сәтбаев ұзақ уақыт аялдаған, жазушы Қалмұқан Исабаев дүние есігін ашқан көне үй сақталып қалыпты.
Жәдігер • 22 Мамыр, 2023
Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы өткен жылдары елорда төрінде «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынас құжаттары» атты көрме ұйымдастырды. Осында 1703 жылдан 1730 жылға дейін Османлы империясына билік жүргізген ІІІ Ахмет сұлтанға жолданған қазақ ханы Қайыптың хаттары қойылды.