Музей • 21 Мамыр, 2023
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, биылғы Музей түнінің мазмұны артып, мәртебесі биіктеді. Еліміздің шежірелі мұрасын тамашалауға асыққан қонақтар санында есеп жоқ. Ұлттық музейдің алдыңғы есігі мен артқы қақпасы ұзына кезекке ұласқанын көру де ғанибет.
Қоғам • 21 Мамыр, 2023
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында ақын Шынболат Ділдебаевтың «Шындық» толғауы күллі қазақты дүр сілкіндірді. Сол толғауға байланысты Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Адамның денесіне жара шықса, дәрігерлер емдейді. Ал қоғамдағы жараны кімге емдетеміз? Шындықты айту оңай емес. Ол бәрімізге бірдей жаға бермейді. Оны Махамбет, Ақтамберді, мына Шынболат сияқты шыншыл ақындар ғана айта алады...», деген пікірі халық атынан берілген баға іспетті еді.
Тарих • 21 Мамыр, 2023
Отанымыздың өркендеуі үшін күш-қайратын жұмсап, елді дамытуға қатысты әрбір мәселеге мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарай білген, өнегелі ісімен соңына жарқын із қалдырған айтулы азаматтарымыз аз емес. Сондай көрнекті тұлғаның бірі – қоғам қайраткері, дипломат «Дос-Мұқасан» ансамблінің бастауында тұрған өнерпаз Шәріп Омаров.
Мектеп • 21 Мамыр, 2023
Керекудегі балалар техникалық мектебі – еліміз бойынша ұзақ жылдар үзбей жұмыс істеп тұрған қосымша білім беру ұйымының бірі. Құрылғанына биыл 63 жыл толған оқу мекемесі оқушыларды техникалық бағытта дайындап, болашақ мамандығын ерте бастан айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
Спорт • 21 Мамыр, 2023
Шымкенттік гимнасшылар жүлдесі
Көркем гимнастикадан елордада ұйымдастырылған VI жазғы спартакиада өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік шыққан ел үздіктері анықталды. Бас шаһарда өткізілген жылдың басты жарысында еліміздің әр өңірінен келген ең үздік 54 гимнаст сынға түсіп, түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салды. Сонымен қатар топтық жаттығуда 12 команда өз өнерлерін ортаға салды. Бұл қатарда Елжана Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері де бар.