Өндіріс • 23 Мамыр, 2024
Болашақтың іргесін бекемдеген кәсіпорын
Көкшетаудағы кірпіш зауыты бір жылдың ішінде өндіріс көлемін 16,5 пайызға өсіріп, 4,3 млрд теңгенің өнімін дайындады. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 629 млн теңгенің өнімі шығарылды.
Сұхбат • 23 Мамыр, 2024
Жамиға ТАҢАТАРОВА, тарих ғылымдарының докторы: Комиссия жұмысы ғылым аясында жалғасуы керек
Былтыр желтоқсанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдары кеңестік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау мақсатында құрылған «Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» жұмысын аяқтады. Ауқымды жұмыс нәтижесінде 311 мың саяси құрбан ақталып, 72 томдық кітап оқырманға жол тартты. Бұл – 425 ғалым мен зерттеушінің, оның ішінде әр өңірде құрылған аймақтық комиссиядағы 260-тан аса маманның еңбегі. Осыған орай мемлекеттік комиссия жұмысы аясында деректер базасын жасақтау дейтін маңызды да жауапты міндеттің басы-қасында болған тарихшы, профессор Жамиға ТАҢАТАРОВАМЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Ақтөбе қалалық №2 сотында «Сафина» құрылыс компаниясының екі басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Осы компанияның директоры Жарасханов пен үлескерлік құрылыс инвесторы Каримов Қылмыстық кодекстің алаяқтық және ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін иелену бабымен айыпталып отыр.
Жемқорлық • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте парақорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларға қарамастан бұл келеңсіздікпен күресте түбегейлі өзгеріс болмай тұрғанын айтқан еді. Президент ел тұрғындарының әлі күнге сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.
Байқау • 23 Мамыр, 2024
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ректор кубогіне арналған 10, 11, 12-сынып оқушылары арасында І республикалық «Auezov school cup» пікірсайыс турнирі өтті.