Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Семейде «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар сайысы өтті
Қаладағы Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар арасындағы сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арналды. Сайыста 18 жастан 40 жас аралығындағы сегіз азамат өздерінің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт екендіктерін дәлелдеп, сынға түсті.
Өнер • 18 Мамыр, 2018
Қостанайда жас суретші-портретшілердің облыстық байқауы өтті
Қостанайда жас суретші-портретшілердің облыстық байқауы биыл үшінші рет өтті. Жыл сайын бедел алып келе жатқан бұл шара Қостанай өңіріне белгілі суретші-плакатшы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, облыстық «Меценаттар клубы» сыйлығының лауреаты Юрий Новоселовтың бастамасымен ұйымдастырылды. Жақсы істі облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қазақстан суретшілер одағының облыстық филиалы да қолдады. Қарт суретші өзінің атаулы сыйлығын тағайындап, оған тек 14 пен 35 жас аралығындағы жастар ғана қатыса алады деген шартын да бекітті.
Кино • 18 Мамыр, 2018
«Айка» фильмі Канн кинофестиваліне қатысуда
Бес бірдей елдің: Ресей, Қазақстан, Германия, Польша мен Қытайдың киноөнімі болып табылатын «Айка» фильмі 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі байқауына қатысуда. Аталмыш картинада басты рөлді Самал Еслямова сомдайды. Ал продюсерлер қатарында Eurasia Film Production кинокомпаниясының негізін қалаған Гүлнара Сәрсенова да бар. Бұл аз десеңіз, фильм режиссері – Сергей Дворцевойдың да кіндік қаны Оңтүстік Қазақстанда тамған.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Астанадағы Оқушылар сарайында жас батырлар марапатталды
Астана қаласындағы Оқушылар сарайында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен әртүрлі төтенше жағдайларда ерлік көрсеткен 20 батыр баланы салтанатты жағдайда марапаттау рәсімі өтті.
Медицина • 18 Мамыр, 2018
Жемқорлықпен күрестің тиімді тетігі – ашықтық
Елбасы Н.Назарбаев қоғамдағы моралдық-этикалық ахуалға жағымсыз әсер ететін жемқорлықтың алдын алуда оған мүлде төзбеушілікті қалыптастыру қажет екенін атап айтқаны белгілі. Осынау өзекті мәселе «Қазақстан-2050» Стратегиясында да қамтылып, онда жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер екені көрсетілген. Бұған қоса бұл саладағы саясаттың тиімділігін арттыру үшін 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегия әзірленіп, қабылданғаны белгілі. Оның бір бағыты – мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізу.