Білім • 23 Мамыр, 2022
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Елордадағы №49 мектепке Алаш ардақтысы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді. Оқу ошағына Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөз шебері Қошке Кемеңгерұлы есімінің берілуіне байланысты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты салтанатты іс-шараға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Әдебиет • 23 Мамыр, 2022
Кеше Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың шығармашылығына арналған «Ою-өрнектер әлемі» атты алқалы жиын өтті. Онда суретшінің қазақ өмірі ғана емес, түркі әлемінен сыр шертетін екі бірдей кітабының тұсауы кесілді. Қалың оқырман мен көзі қарақты жұрт жоғалуға айналған жәдігерлер топтастырылған «Қазақ ою-өрнегінің атласы» және «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптарымен танысты.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2022
1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне 50 бала оқуға түстік. Қазақстанның әр түкпірінен келген елу қыз-жігіт. Елу өмірбаян, елу тағдыр, елу мінез. Қазіргідей мектеп партасынан секіріп түсіп, жоғары оқу орындарының партасына ауысып отыра салған үй өсімдігіндей балауса балалар емес, сол кездегі абитуриенттерге қойылатын талап бойынша екі жыл өндірісте жұмыс істеп келген «қатайған» жастар едік.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2022
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны былтырғы жылмен сәйкес кезеңдегіден 21,1 пайызға ұлғайған, яғни 639-дан 774-ке дейін көбейген. Осы дерекке сүйенген бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстанда жемқорлық көбейіп барады», деген біржақты тұжырым жасап, дабыл қағып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаса ма?
Қазақстан • 23 Мамыр, 2022
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Заң органдарынан әділдік таппаған соң барар жер, басар тауы қалмағаннан кейін соңғы үмітін арқалап редакцияға хабарласатындар аз емес. Бәрінің іздегені – шындық, үміт ететіні – әділдіктің орнауы.