Экология • 23 Мамыр, 2022
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Қостанай облысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Одан кейін өңірлік коммуникация қызметі орталығына келіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. З.Жолдасов Қостанай облысының экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда тұрақты екенін айтты. Алайда өңірде әлі де күн тәртібінен түсе қоймаған бірқатар күрмеулі мәселелер бар.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2022
Литийдің перспективалы учаскелері бар
«Әлемдік нарықта литийге деген сұраныстың артуына байланысты Қазақстан осы сирек металдың перспективалы орындарын анықтауға басымдық береді».
Кино • 23 Мамыр, 2022
...Туа біткен жап-жарық жанар да Жақандікі еді, ол да ағып түсті. Ел ішінен кезіккен Айжамал да жанының жұбанышы еді, оны да біреу қағып түсті. «Неге солай?..». Әнмен сырласуға да, сөйлесуге де болады. Қаласа бірге қайғырып, бірге мұңайып, «іштегі кірді кетіруге» де болады. Бір сөзбен айтқанда әнмен өмір сүреді адам. Бұл сөзге келісуге де, келіспеуге де қақылысыз. Кеше ғана жарыққа шыққан Кенжебай Ахметовтің «Неге солай?» фильмін көрсеңіз амалсыз келісесіз, бірақ.
Өнер • 23 Мамыр, 2022
Камамберден картинаға дейін...
Мына картинаға қарап тұрып, не ойлайсыз? Уақыт – өмір. Уақыт – тарих. Уақыт – теңіз. Уақыт – әділетсіз. Күндерді жылжытып, айларды сырғытып отырған уақыт адамның қысқа ғұмырында қанша қуаныш, қанша сезім, қанша мұң сыйлайды екен?.. Барша адамзат уақытқа неге тәуелді? Шынында, біз уақыттың бар екенін, тек бақытты сәттерде ғана сезінетін сияқтымыз. Ал қалған уақытта тіпті байқалмайды. Сонда уақыт деген не? Қолдағы сағат па, әлде өмір дегеніңіз сол уақыт па?..
Өнер • 23 Мамыр, 2022
Осы картинаны ғаламтордан көріп, ерекше әсер алдым. Әжесінің арқасында ұйықтап бара жатқан бала, бір сәт өзім секілді көрінді. Марқұм әжем мені дәл осылай арқалайтын. Қонаққа арқалап алып барып, арқалап алып келетін. Сонда әжемнің арқасы жайлы төсектей еді. Шын мәнінде, қазақ әжелері өте мейірімді, немересі үшін жанын беруге бар. Соның бір көрінісін осы суреттен байқайсыз. Бұл – белгілі қылқалам шебері Айгүл Хакімжанованың «Әжем» деген картинасы.