Экономика • 20 Мамыр, 2019
Жаһандық экономикадағы соңғы үрдістерге қанықты
XII Астана экономикалық форумы-2019 аясында аузы дуалы экономистер мен сарапшылар қазақстандық жастарға дәріс оқыды. Биылғы «Жастар жылында» оларға әлемдік танымал тұлғалармен жүздесудің сәті түсті.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2019
Жүз түп ағаш – журналистерден сыйлық
Елордамыздың Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен Сығанақ көшесінің бойында «Egemen Qazaqstan» газетіне – 100 жыл» аллеясы ашылып, газет ұжымының ұйымдастыруымен 100 түп ағаш егілді. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастап, Мәжіліс депутаттары, ардагер журналистер, БАҚ басшылары қатысты.
Қоғам • 20 Мамыр, 2019
Көшбасшы жастардың көшелі жиыны
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі «Алтын қырғауыл» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы басталды. Жастар жылының аясында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық жас келді.
Қоғам • 20 Мамыр, 2019
«Jastar Time» – жаңа идеялар жәрмеңкесі
Өскеменде Жастар жылы аясында дәстүрлі «Jastar Time» IT-фестивалі өтті. Биылғы шараға облыстың аудандары мен қалаларынан 200-ден астам оқушы мен студент қатысып, озық идеяларын ортаға салды.
Руханият • 20 Мамыр, 2019
Облыс орталығындағы адам аяғы үзілмейтін кең даңғыл, үлкен көшелердегі мемлекеттік тілдегі жарнама, хабарландырулардағы қатеден көз сүрінеді. Тіпті Көкшетауда қазақ тілінде қара танитын кісі қалмағандай.