Спорт • 20 Мамыр, 2019
Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы бірінші кездесуден кейін ағылшын командалары финалға шығатынына сенгендер сирек. Жанкүйерлер «Барселона» мен «Аякс» арасындағы финалдың сценарийін ойша жоспарлап қойған-ды. Бірақ екі ағылшын клубы қарсыластарының «аяғын аспаннан келтіріп», финалға жолдама алды. Қарымта кездесудегі «Ливерпуль» мен «Тоттенхэмнің» тамаша камбэгінен кейін екі ағылшын клубы 7 жылдық үзілістен соң Чемпиондар лигасының кубогын Англияға алып қайтатын болды.
Сайлау • 20 Мамыр, 2019
Сайлаушылар өз құқықтарын білуі тиіс
Шымкент қаласында «Аманат» сайлауды байқау жөніндегі азаматтық платформасында алдағы саяси науқан кезінде сайлаушылардың заңдық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті. Онда Азаматтық платформаның жетекшісі Мұсағали Дуамбеков, штаб жетекшісі Лима Диас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімеледі.
Сайлау • 20 Мамыр, 2019
Алқалы органның арқауы – заңдылық
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев еліміздегі беделді орган, яғни Орталық сайлау комиссиясы алдымен алқалы орган екенін атап айтты. Сондықтан оның шешімдері мен қаулылары міндетті және нормативті негізде болуы үшін оның бәрі іс жүзіндегі комиссияның көпшілік даусымен қабылданады. Сайлау басталғалы бері ОСК отырыстары ашық өткізіліп, онда қабылданар қаулыға дауыс беру де алқалы түрде жариялы жүргізіліп келеді. Бұл тәртіп әрқашан қатаң сақталуда.
Саясат • 20 Мамыр, 2019
Бейбіт Атамқұлов Жапония және Ауғанстан Сыртқы істер министрлерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Жапония және Ауғанстан Сыртқы істер министрлері Таро Коно және Салахуддин Раббанимен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2019
Қарағандыдағы Armanǵa jol-2019 марафонында шетелдіктердің мерейі үстем болды
Кеншілер астанасында Armanǵa jol-2019 жартылай марафоны өтті. Бұқаралық спорттың бәрекелді шарасына 6 мыңнан астам адам қатысып, желаяқтар жарысының көрігін қыздырды.