Таным • 26 Мамыр, 2020
Қазіргі күні қоғамтану ғылымдарында, соның ішінде тарих ғылымында жұрттың назарын бірден аударатындай, көпшіліктің құлағын бірден елең еткізетіндей жаңалық ашу мүмкін емес-ті. Ондай жаңалықтарды ашу тек жаратылыстану ғылымдарының үлесінде тұрғандай көрінеді және солай болып келе жатқан секілді. Дегенмен өте сирек болса да, қоғамтанушы-ғалымдардың зерттеулерінде жаңалықтар ашылып жатады. Ондай жаңалықтарды біздердің дер кезінде білмеуіміздің себебі – ашылған жаңалықтың маңызын дұрыс түсінбеуімізден болса керек.
Руханият • 26 Мамыр, 2020
Бурабай баурайындағы ғажайыптар
Қасиетті Бурабай баурайы аңызға тұнып тұр. Жақсы мен жайсаң күн кешкен атажұрттың әр тасының аңызы бар. Сол аңыздардың жылғасы көкірегі ояу кез келген адамның жан дүниесіне жарық сәуле құйып тұрғандай.
Білім • 26 Мамыр, 2020
Жыл сайын 25 мамырда айналамыз жүздері бал-бұл жанып, қолдарына гүл ұстап, мектепке асыққан оқушыларға толып кетуші еді. Соңғы қоңыраудан кейін мектеп бітірген түлектер иығына асқан көк ленталарын шешпестен көшеде алшаң басып ұзақ жүрсе, үздік оқыған оқушылар алған грамоталарын ата-анасына жеткізуге асығатын.
Спорт • 26 Мамыр, 2020
«Барысқа» қандай бапкер лайық?
Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын командалар біріншілікті қорытындылап, үмітті ақтамаған ойыншыларымен және бапкерлерімен қоштасып жатыр. Енді бірі алдағы маусымға жоспар құрып, өткен маусымда көзге түскен үздік хоккейшілерді өз құрамында көру үшін трансфер базарын қыздыруда. Ал елорданың «Барыс» клубы әзірше жаңа маусымға жоспар құруға асығар емес.
Президент • 25 Мамыр, 2020
Карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.