Парламент • 17 Мамыр, 2017
Мәжілісте зейнетақыны көбейтуді көздейтін заң жобасы мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілік етуімен өткен жалпы отырыста бірнеше заң жобасы талқыланып, мақұлданды. Олардың қатарында айрықша атап өтерлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың таныстырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
«Теңіз» кенішіндегі индустриалдық аумақта сағатына 200 текше метр бетон шығаратын зауыт іске қосылды. В15, В25, В35 маркалы бетон «Теңізшевройл» ЖШС-нің кеңейту жобасына қажет. Отандық «Нефтестройсервис ЛТД» компаниясы қолға алған зауыттың өнімі химиялық тұрақтылығы мен беріктігі, төзімділігі жағынан жоғары бағаға ие.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
Алматыда Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
Солтүстікқазақстандық гір көтерушілер елімізде ең үздік атанды
Қызылжар өңірінің гір көтерушілері Щучье қаласында өткен республикалық чемпионатта алдарына жан салмады. Осы сайыстан 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль олжалап қайтты.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Алматыда жұқпалы емес дерттердің дендеуіне қатысты халықаралық конференция өтті
Алматыда Австрия, Израиль, Ресейдің және отандық бетке ұстар ғалымдар мен сарапшылардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: уақыт сыны мен инновациялық шешімдер» – «Тәуекел факторлары 2017» II халықаралық конференциясы өтті.