Аймақтар • 17 Мамыр, 2017

Солтүстікқазақстандық гір көтерушілер елімізде ең үздік атанды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінің гір көтерушілері Щучье қаласында өткен республикалық чемпионатта алдарына жан салмады. Осы сайыстан 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль олжалап қайтты.

Солтүстікқазақстандық гір көтерушілер елімізде ең үздік атанды

58 келі салмақ дәрежесінде Мария Наумова қарсылас шақ келтірмесе, ерлер арасында түрлі санатта өнер көрсеткен Михаил Вологодский, Александр Марчук, Виталий Диденко жеңістің ең биік тұғырынан көтерілді.

Байрақты бәсекеге сайдың тасындай іріктелген 120 білектілер қатысып, ел ел біріншілігінде жеңіске жеткен гір көтерушілер Еуропа мен әлем чемпионаттарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»