Спорт • 23 Мамыр, 2022
UCI-дің құрлықтық рейтингінде «Астана» клубының велошабандозы Алексей Луценко жеке-дара көш бастап тұр. Оның еншісінде 1 233 ұпай бар.
Спорт • 23 Мамыр, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында төрт кездесу жоспарланғанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты екі матч өтпей қалды.
Спорт • 23 Мамыр, 2022
Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий өзінің кезекті жекпе-жегінде айқын жеңіске қол жеткізді.
Хоккей • 23 Мамыр, 2022
Финляндияда басталған шайбалы хоккейден элиталы дивизионның әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы қатарынан бесінші турда жеңілді. Жерлестеріміз топтық кезеңнің алғашқы бәсекелерінде Дания (1:9), Франция (1:2) және Швейцария (2:3) құрамаларына жол берсе, кейінгі екі турда да Канада мен Словакия хоккейшілерінен ұтылып, тағы да ұпайсыз қалды. Ал бұл кезеңде Италия және Ұлыбритания құрамалары чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.
Спорт • 23 Мамыр, 2022
Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның бес өкілі жеңіс тұғырына көтерілсе, солардың арасынан Алуа Балқыбекованың ғана алтын алуға мүмкіндігі болды. Алайда ол финалда жергілікті былғары қолғап шебері Айсе Чагирырға 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде, 1 күміс пен 4 қоланы иеленген отандастарымыз жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.