Әлем • 23 Мамыр, 2021
Даудың басы – Еуропадағы вакцина саясаты
Вакцинаның бір компонентін алу мүлде екпе салғызбағаннан гөрі жақсы. Бірақ еуропалықтар арасында вакцинаның бір бөлігімен шектеліп жатқандар аз емес. Сондықтан аймақта «жасыл сертификат» саясаты енгізілмек. Ал бұл мемлекеттер арасында саяхаттауға қалай әсер етеді?
Аймақтар • 23 Мамыр, 2021
Балалар лагері дайындыққа кірісті
Қостанай облысында биыл жазда балаларға арналған 10 демалыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 4 сауықтыру лагері жұмыс істеуге рұқсат алып үлгерді. Өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты болып тұрса, қала сыртында орналасқан басқа демалыс орындары да жұмысқа кірісетін болады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымдағы жазғы лагерьлер маусым айынан бастап жұмыс істей бастайды.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ашаршылықтың алдындағы тәркілеу және ұжымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды. Соның салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына 1970 жылдары әрең қол жеткізді. Біздің тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді ұмытпауымыз осындай нәубеттердің қайталанбауы үшін қажет. Халықтың қасіретті сәттері әрдайым елдің жадында болуы тиіс. Бұл ретте тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмақ емес», деген болатын.
Әдебиет • 23 Мамыр, 2021
Бүгінде жұрттың бәрі қайталай бергеннен мәтел болып кеткен «Әдебиет –ардың ісі» дегенді тек сөз өнерімен ғана байланыстырып айту, менің ойымша, дұрыс емес. Алланың жазуымен жарық әлемнің есігінен аттаған кез келген ұлы өнердің дүниеге келіп, кіндігі кесілген шақтағы, алғашқы емгені Ардың ақ сүті екенін ұмытуға болмайды. Тағдыр тәлкегімен адасып, жалған саясаттың құрбаны болған шығармашылық адамдарының бәрі де Өнер-Ананың ақ сүтін ақтай алмай, жаны қиналып, түптің түбінде Ар азабының қасіретін тартатыны сөзсіз.
Руханият • 23 Мамыр, 2021
Бопай ханым – болмысы бөлек тұлға
Жақында бас шаһардың бас театры – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Бопай ханым» тарихи драмасының премьерасы зор табыспен өтті. Көпшілік көрермен көңілінен шығып, өнердің айтулы жаңалығына айналған қойылым – пьеса авторы мен театр ұжымының Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына жасаған тамаша тартуы. Болмысы биік Бопай ханым бейнесі арқылы өлмейтін өзекті тақырыптарды арқау еткен спектакль сергек ойлы көрерменін бейжай қалдырмады. Премьерадан кейін қойылым авторымен жүздесіп, сахнаға алғаш шығып отырған туындының тарихы мен туу тағдырынан сыр тарқатып, сиясы кеппеген шығарма жайындағы драматургтің ойы мен толғанысын білген едік.