Қазақстан • 18 Мамыр, 2023
Қайталама санкцияның қаупі қандай?
Жақында Reuters Еуропалық одақтың Қазақстан компанияларына қарсы санкция салуы ықтимал екенін хабарлады. Аталған болжам ақпарат ЕО-ның антиресейлік санкциялардың жаңа пакетін талқылауына байланысты тарап отыр. Жаңа пакет Мәскеумен ынтымақтастықтағы компанияларды ғана емес, Қытай, Иран, Өзбекстан және Қазақстан компанияларын да жанап өтуі мүмкін екен.
Білім • 18 Мамыр, 2023
Адамгершілік тәрбие адастырмайды
Қазір елімізде мемлекеттік органдарды реформалау, саяси партиялар жүйесін дамыту, сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын нығайту сияқты қоғамның дамуы үшін аса өзекті үрдістер жүріп жатыр. Қоғамның саяси және құрылымдық реформаларының бәрі адамға, оның ішкі ниеті мен ұмтылысына, құндылығы мен мақсатына, құлшынысы мен әрекетіне негізделгенде жеміс бермек. Демек Әділетті Қазақстанды құру жас ұрпақ тәрбиесіне де тікелей байланысты.
Қоғам • 18 Мамыр, 2023
Құндылықтар қақтығысы немесе қасиетті жердегі арандатудың мақсаты не?
Қоғамда өз құқықтарын қорғаймыз деп шу шығарып қоятын «әлеуметтік азшылық» – ЛГБТ туын соңғы уақытта еліміздің әр жерінен жиі көзіміз шалып жүр. Қазір олардың кірмей жатқан тесігі жоқ десе де болады. Халықтың, әсіресе жас балалардың көзін де, етін де үйрете беру үшін өз насихаттарын мультфильмдерге де қосты, ойыншықтар арқылы да көрсетіп жатыр, TikTok секілді жасөспірімдер көп отыратын желілерді де біртіндеп жаулап келеді.
Пікір • 18 Мамыр, 2023
Қазір түрлі коучтардың дәурені жүріп тұр. Әлеуметтік желіні аша қалсақ, сан алуан тренингке шақыратын жарнама шыға келеді. Бірі бай болуға үйретемін десе, енді бірі сұлу әрі іскер әйел болудың құпиясын айтамын деп еліктіреді. Тіпті мықты жігіт тауып, бақытты әйел болудың сырын ашамын, шетелге саяхаттаудың жолдарымен бөлісемін деп әуре. Осындай тренингтер өткізіп жүргендер өзін коуч санап, онсыз да санасы сан саққа жүгірген қоғамды адастырып жүр.
Қоғам • 18 Мамыр, 2023
«Еңбек» бағдарламасын пайдаланып оңтүстіктен теріскейге көшіп келген «Алтын алқалы» ана, мектеп ұстазы Гүлжан Базарова қиын жағдайға қалып отырғанын айтып хабарласты. Мүгедек бала асырап отырған отбасына әу баста уәде етілген медициналық қызметтер көрсетілмеген.