Сараптама • 22 Мамыр, 2024
Ұрпақтар теориясы: Z буынның зейіні
Бүгінде Z, миллениал, альфа ұрпаққа қатысты ұғымдарды жиі естиміз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Ұрпақтарды бөліп-жарудың қандай қажеттігі бар? Қазақстандағы және өзге елдердегі Z ұрпақтың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Осы сұрақтарға Батыс ғалымдары және зерттеу орталықтарының еңбектері мен талдауларын негізге ала отырып жауап беріп көрсек.
Байқау • 22 Мамыр, 2024
Елімізде «Aqyl Battle CUP-2024» дәстүрлі республикалық зияткерлік сайысы басталды. Білім мен бірлік арқылы мемлекеттік тілді насихаттауға арналған сайыстың алғашқы кезеңі 21-23 мамыр аралығында өтеді. Игі істі Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырды.
Руханият • 22 Мамыр, 2024
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе...»
Құлагер ақынның туған жерінде «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Игілікті іске ұйытқы болған – облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. Ақынның жырларына ғалымдар теориялық һәм философиялық талдау жасап, көзқарастарын білдірді. Ақсу топырағында Молықбай қобызының үні естіліп, жерлестері жылы естелігімен бөлісті.
Пікір • 22 Мамыр, 2024
Жаңа құжат халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Маңызды тұсы – Үкімет айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын адамдарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін конкурстан тыс тәртіппен беру тетігі.
Білім • 22 Мамыр, 2024
Географиядан ұлттық олимпиада қорытындыланды
Еліміздің әр өңірінен жиналған география пәнінің үздіктері Астанада жиналды. Олар мұнда тест сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, далада компас қолдану, бағдар табу сияқты практикалық тапсырмаларды да орындады. Кәсіби бағдар бойынша дәріс алып, әлемдік проблеманы шешудің жолын бірге іздеп, танымын арттыратын маңызды орындарға экскурсия жасады. Бұл – география пәнінен І ұлттық олимпиаданың аясында көрген-білгеніміз.